• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Тағайындау 10 Сәуір, 2024

«Хабар» телеарнасының директоры тағайындалды

138 рет
көрсетілді

Белгілі журналист Жайнагүл Төлеміс «Хабар» арнасының директоры қызметіне тағайындалды,  деп хабарлайды Egemen.kz. 

Жайнагүл Төлеміс 1984 жылы 8 мамырда Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылында дүниеге келген. Бек Сүлейменов атындағы орта мектептің түлегі.

Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да журналистика мамандығын бітірген, осы университеттің PhD докторанты.

Колумбия өнер және ғылым колледжінің «Медиа және коммуникациялық зерттеулер» мамандығы бойынша түлегі. Американың Джордж Вашингтон университетінің Медиа және саяси стратегиялық коммуникациялар факультетін бітірген.