• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Заң 11 Сәуір, 2024

Атырау облысында жарты тоннаға жуық бекіре тәркіленді

234 рет
көрсетілді

Атырау облысы аумағында 1 сәуірден бастап өтіп жатқан «Бекіре» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жарты тоннаға жуық бекіре балығы тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Polisia.kz сайтының мәлімдеуінше, өңір полициясы балықтың заңсыз айналымы тұрғысында 6 құқық бұзушылықты анықтаған. Төрт дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.  

«7 су қайығы, 8 автокөлік, сонымен қатар 435 кг бекіре және 2 кг 500 гр бекіре балығының уылдырығы тәркіленіп, «Жайық-Атырау бекіре өсіру зауытына» тапсырылды», делінген хабарламада.