• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ғылым 12 Сәуір, 2024

Елімізде 25 мыңнан астам ғалым бар, олардың 43-і Арқалықта

114 рет
көрсетілді

Кез келген мемлекеттің өркениет өлшемін ғылым мен білім саласының көрсеткіштері айқындайды. Себебі өркениетті ел әлемге ғылыми жаңалық ұсынып, білім қуалайтын жастарды үнемі ынталандырады, қолдайды, деп жазады Egemen.kz.

Бүгінде Қазақстанда 25 мыңнан астам ғалым бар. Олардың 43-і Қостанай облысының Арқалық қаласында жұмыс істейді. Өңірдегі ғалымдарының орта жасы - 48, олардың 72%-ы - әйелдер. Бұл туралы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының ректоры Ержан Әмірбекұлы желіде жазба қалдырды.

Арқалықта жұмыс істейтін 43 ғалымның соңғы 3 жыл ішінде жүргізген ғылыми зерттеулерінен 112 миллион теңге көлемінде табыс тапты. Бұл бір ғалымның үлесі 3 миллион теңгеге жуық екенін білдіреді.

«Өңір ғалымдары 3 отандық және 1 халықаралық жобаға қатысты. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының Арқалық қаласының Жалпы ішкі өніміндегі үлесі 0,74%-ға жетті. Салыстырмалы түрде, бұл жақсы көрсеткіш. Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Арқалықта инклюзивті білім беруді жетілдіру тетіктерін зерттейтін академиялық артықшылық орталығын құру жоспарланып отыр», деді Ержан Әмірбекұлы.

Жазбасын қорытындылаған ректор Қазақстан ғалымдарын кәсіби мерекелерімен құттықтады.