«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша 12 сәуір, жұма күні атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады.
Республика бойынша жаңбыр жауады. Атап айтқанда, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады. Шығыста, елдің орталығында да жауын-шашынды ауа райы болады.
Сонымен қатар тұман түсіп, жел күшейеді, елдің солтүстігінде, шығысында көктайғақ, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, оңтүстік-батысында күндіз шаңды дауыл күтіледі.