Ұлттық ұланның 2700-ден астам жауынгері, 120 техникасы және авиа транспорттары су басқан барлық өңірлерде белсенді көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сілтеме жасап.
Олар су басқан кенттер мен қалаларда патрульдеу арқылы тұрғындардың жеке мүліктерін қорғауды қамтамасыз ету, жағалауды нығайту, тасқын болған елді мекендерде суды бұру, каналдарды тазарту және адамдарды, жануарларды қауіпсіз жерлерге эвакуациялау жұмыстарына атсалысып жатыр.
Құқықтық тәртіп әскерлерінің әскери қызметшілері жалпы ұзындығы 10 шақырымнан асатын арықтарды тазартып, инертті материалдары бар 233 мыңнан астам қапшық дайындаған.