Қырғыз елінің бас қаласы Бішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатын еркін күрестен Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте 4-орынмен аяқтады, деп жазады Egemen.kz.
Асыл Айтақын (61 келі) және Ризабек Айтмұхан (97 келі) күміс жүлде жеңіп алды. Ал Мейрамбек Қартбай (57 келі) қолаға қол жеткізді.
Париж Олимпиадасы лицензиясының иегері Азамат Дəулетбеков (86 кг) ирандық Хади Вайаейпураны ұпай санымен ұтып, содан кейін жартылай финалда қытайлық Пейлонг Лиді (11-0) таза жеңіп, финалда Олимпиаданың тағы бір иегері, өзбек балуаны Джабраил Шапиевті жықты.
Айта кетсек, Ұлттық құрама көшбасшысы Азамат Дәулетбеков осымен Азияның үш дүркін чемпионы атанып отыр. Ол сонымен қатар 2017 жылы Делиде күміс, 2018 жылы Бішкекте қола медаль жеңіп алған.