АСТАНА. 19 сәуір. АҚШ пен Еуропа одағы арасындағы еркін сауда жөніндегі келісімге қол қойылуына қарсылық акциясы ретінде өтіп жатқан шерулерге жаһанның көптеген елдерінде әлденеше ондаған адам қатысты. Бұл туралы Sputnik агенттігі хабарлады.
Агенттіктің мәліметінше, Трансатлантикалық сауда-инвестициялық әріптестік туралы келісімге күллі әлемнің 700 жерінде қарсылық шерулері болып өткен. Қарсылық білдірушілердің ең көп қарасы Испаниядан көрінген. Онда Мадридтің көшелеріне 20 мың адам шықса, Барселонада олардың қолдаушы 4 мыңға жуық адам табылған. Еуропарламент депутаты, испанның «Солшылдар бірлестігі» партиясының мүшесі Марина Альбиоль келісімге қол қойылуын «азаматтардың құқықтарын сыпырып кететін дауылға» теңеген. «Біздің мақсатымыз – бұған жол бермеу. Келісімге қол қойылмай тұрғанда, бәрін жөндеп алуға болады», - дегенді қосты ол.
«Германиядағы митингілер де көп адамның қатысуымен өтті,» - деп хабарлайды Reuters. – Берлинде 1,5 мың адам Потсдам алаңынан Бранденбург қақпасына дейін жанды шеңбер құрып тұрды. Мюнхеннің көшелерімен үш мыңға таяу адам жүріп өтті. Осындай акциялар Лейпциг, Штутгарт, Франкфурт қалаларында да орын алды.
Трансатлантикалық сауда-инвестициялық әріптестік туралы келісімнің мақсаты АҚШ пен ЕО арасында еркін сауда аймағын құру болып табылады. Мұндай жоба жөніндегі идеяны Еуропа елдері 2013 жылдан бастап көтеріп келеді. Алайда, Еуроодақтағы көптеген елдердің тұрғындары бұған қарсы.
Мұрат Айтқожа.
Дерек, сурет: Sputnik.