Қазақстандағы су тасқынына алаңдайтындардың қатарында боксшы Канело да бар, деп жазады Egemen.kz.
Мексикалық боксшы өзінің алаңдаушылығы туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды.
«Қазақстан халқы үшін дұғадамын. Атырау және Орал, біз сіздермен біргеміз» деп жазды танымал боксшы.
Айта кетейік, «Канело» - орта салмақтағы әлем чемпионы. Ол келесі жекпе-жегін 5 мамырда мексикалық боксшы Хайме Мунгуиаға қарсы өткізеді. Жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ) өтеді.