• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
01 Қаңтар, 2015

«Үміттің» үмітін үкілеген

496 рет
көрсетілді

Өскемен қаласының өрені Евгений Выблов «Х-Factor» жеңімпазы атанды

Қазақстандық танымал теле­­жобалардың бірі – «Х-Factor» байқауының жеңімпазы атан­ған Евгений Выбловты өскемен­діктер әуежайдан үлкен қошемет­пен қарсы алды. «Үміт» балалар үйінде өсіп, бүкіл елді қамтыған мегажобада топ жарған Женяға деген жерлестері мен жанкүйерлерінің ыстық ықыласы Өскемен әуежайын шат-шадыман көңіл күйге бөледі. – Баршаңызға дауыс беріп, зор қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс айтамын. Сіздердің үміттеріңіз мені финалға жетелеп алып шықты. Бұл – менің ән өнеріндегі алғашқы баспалдағым деп ойлаймын, – деді Е.Выблов. Айта кеткен ләзім, Евгений 1990 жылы 16 қазанда Өскемен қаласында дүниеге келген. 9 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған ол 2000 жылдан бастап «Үміт» балалар үйінде тәр­биеленді. Балалар үйінде жүріп, вокалға ден қойып, тұрақты түрде өнерін өрістетті. Өткен аптаның сенбісінде финалдық бәсекесі өткен жобаны күллі қазақстандықтар тамашалады. Байқауға осы мау­сымда үш мыңнан астам адам қатысып, өнердегі бағын сынады. Солардың арасынан суырылып шыққан дарынды жігіт жобаға дейін де Өскемен жұртшылығына таныс болатын. Женя көптеген мерекелерде қала алаңдары мен сахналарында жергілікті халықтың құлақ құрышын қандырған саф дауысымен таңғалдырғаны есі­мізде. Енді Евгенийді еліміздің басқа өңірлері де таниды. Ол «Х-Factor» байқауының жеңімпазы атағымен бірге 5 миллион теңге және «Еуразия» бірінші арнасында жүргізуші болып жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болды. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан». ӨСКЕМЕН.