• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
01 Қаңтар, 2015

Қой жылы той жылындай

454 рет
көрсетілді

Өмірдің жұмбағы мен қыр-сырының Үңілсек тереңіне тылсымы мың – Шеруінде мың мезет оқиғалар, Шегіншектеп барады жылқы жылым.   Қызығы жоқ ғұмырдың бой жылынбай, Жүйрік бар ма, шіркін-ай, ой-ғылымдай. Қауышайық, кел, достар Жаңа Жылмен, Қарсы алайық алдағы қой жылын бай. Негіз жоқ мұңаюға, күрсінуге, Бүгінде мереке жұрт түйсінуде. Қой жылы Той жылындай есік қағып, Құт бола берекедей кірсін үйге! Бақытжан ТОБАЯҚОВ.  АСТАНА.