• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Сәуір, 2024

Жайықта су деңгейі тағы көтерілді

1065 рет
көрсетілді

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы соңғы ақпаратты бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.    

Айта кетсек, өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуіне байланысты Жайық өзеніндегі су деңгейі біршама көтерілді. Бұл «Қазгидромет» мамандары жүргізген гидрологиялық мониторинг кезінде белгілі болды.

16 сәуірдегі сағат 08:00-дегі жағдай бойынша:

Жайық өзені – Индербор кентінің су бекетіндегі деңгейі 538 см., су деңгейі +10 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілуі 315 см-ді құрайды. Жайық өзені – Махамбет кентіндегі су деңгейі 664 см., су деңгейі + 10 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі 347 см-ді құрап отыр.     Жайық өзені - Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі 387 см., су деңгейінің көтерілуі +14 см., су тасқыны басталғаннан бері жалпы су көтерілуі 196 см-ді құрайды. Мамандардың айтуынша, су деңгейі әлі де көтеріледі.