Екібастұзда теміржол қызметкері вагон құрамының астына түсіп, алған жарақатынан көз жұмды. Жазатайым оқиға бейнеленген видео әлеуметтік желіде пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгін, 16 сәуірде Екібастұз полициясы еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіле бастағанын хабарлады.
«Медициналық сот сараптамасы тағайындалды. Сараптама нәтижелері мен еңбек инспекциясының қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», делінген хабарламада.