• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 16 Сәуір, 2024

Бауыры мен бүйрегі езілген: Алматыда 20 жастағы жігіт өгей баласын өлтірген

2804 рет
көрсетілді

Алматыда 4 жасар өгей ұлын ұрып өлтірді деген күдікке ілінген 20 жасар жігіт сот алдында кінәсін мойындамады, деп жазады Egemen.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

2023 жылдың қыркүйегінде 4 жасар бүлдіршін «Алма сити» тұрғын үй кешенінде көз жұмды. 

Бүлдіршіннің анасы баласын өгей әкесімен бірге қалдырып, жұмысқа кеткенін айтты.

Істі тергеу барысында Самал өзінен алты жас кіші жігітпен Энергетика және электронды технологиялар колледжінде танысқаны анықталды. Бүлдіршіннің анасы аталған колледжде жұмыс істесе, айыпталушы Дархан Дәулетов сол оқу орнының студенті болған. 

Айыпталушы қайғылы оқиға болған күнгі әрекетін сот алдында былай баяндады: «Бір рет жамбас тұсынан, құйрығынан алақанмен ұрғаным бар, оны растаймын және сол уақытта бала қолды-аяққа тұрмай, бой бермей, үй кіреберісінде ары-бері жүгіріп, балабақшаға барудан бас тартты. Сол кезде мен есікті құлыптап жатқанда ол абайсызда баспалдақтан құлап кеткен. Құрметті сот, баланы өлтіру мүлде ойымда болған емес, болмады, қатты күш көрсеткен емеспін», деді айыпталушы.

Алайда сот-медициналық сараптама оның сөзін теріске шығарды. Сараптама нәтижесі марқұм бүлдіршіннің бауыры мен бүйрегі езіліп, ішегі үзіліп кеткенін айғақтады. Бүлдіршін жансақтау бөлімінде көз жұмғанын айта кету керек.