Қала әкімдігі 21 сәуірде Алматы жартылай марафоны өтетінін хабарлады. Сегіз мыңнан астам желаяқ қатысатын марафон әл-Фараби даңғылы бойындағы Тұңғыш Президент саябағынан басталса, мәре сызығы Орталық стадионда орналасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жартылай марафон биыл жетінші рет өткізіледі. Қала әкімдігінің хабарлауынша, іс-шараға байланысты 21 сәуір күні сағат 00:00-ден 11:00-ге дейін көлік қозғалысы жартылай жабылады.
Сағат 07:00-де Тұңғыш Президент саябағында старт беріледі. 21 сәуірде сағат 00:00-ден 11:00-ге дейін әл-Фараби даңғылының солтүстік жағындағы жолдың Мұстафина көшесінен Науаи көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі, оңтүстік жағы ашық болады.
Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында, Мұстафина көшесінен Назарбаев даңғылына дейін сағат 06:45-тен 09:10-ға дейін көлік қозғалысы шектеледі. Оңтүстік жағы қозғалыс үшін ашық болады.
Сейфуллин даңғылы жолының Әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі бөлігінде сағат 07:10-нан 08:30-ға дейін көлік қозғалысы толығымен жабылады.
Абай даңғылының оңтүстік жағындағы Сайна көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін сағат 08:10-нан 10:40-қа дейін көлік қозғалысы шектеледі. Солтүстік жағы ашық болады.
Абай даңғылының оңтүстік жағында, Сейфуллин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін сағат 07:20-дан 09:00-ге дейін көлік қозғалысы шектеледі. Солтүстік жағы ашық болады.
Сана көшесінің шығыс жағында, Әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейін сағат 08:00-ден 09:40-қа дейін көлік қозғалысы жабылады. Батыс жағы ашық болады.