• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
01 Қаңтар, 2015

Мүмкіндікті дер кезінде пайдалану мүгедектіктен сақтайды

323 рет
көрсетілді

Еліміздің түкпір-түкпірінде, алыс ауылдарда еңбекпен күн кешіп, мал шаруашылығымен айналысып, ұрпақ тәрбиелеп отырған ел тұрғындарының көбі буын ауруларынан қозғалыстары шектеліп, мүгедектік жағдайға дейін жетіп жатады. Сөйтсе де көбі «Пышаққа түскен оңай емес» – деп шыдамдылық танытып жүре беретіні жасырын емес. Бұл ауруларға дәрігерлер арнайы ота жасайтынын, яғни индопротез арқылы жасанды буын орнататынын, айтқым келеді. Бұл орайда адамдардың өмірін ұзартып, қозғалысын реттеп, өмір сүру қуанышына бөлеп отырған Астана қаласы №1 қалалық ауруханасы ұжымының тынымсыз еңбегі қандай алғысқа да лайық. Елордадағы сол аурухананың ортохирургия бөлімінде сүйек-буын ауруларынан, қозғалыс мұқтаждығына ұшырағандарға, өмірден қол үзіп арбаға таңыл­ғандарға шексіз қуаныш сыйлап отырған ақ халатты абзал жандар еңбек етеді. Мен осы ауруханада ота жасатып, тізе буынын алмастырып, еңбекке қайта оралдым. Аурухана дәрігерлері өздерінің шеберлігімен, ауру­­хананың талапқа сай жаб­дықталуымен, ауруларға деген қамқорлығымен ерек­ше­ленеді. Медицина ғы­лым­­дарының докторы Ерсін Жү­нісов бөлім дәрігерлерімен ауруларға күнделікті тексеру жүргізіп, кеңес өткізіп, талдау жасап, мұқият емдейді. Ортохирургия бөлімінің же­тек­шісі Руслан Ботаев, бө­лім меңгерушісі Аслан Сұл­тан­гереев, жас травматологтар Әділбек Сүмбебаев, Қайрат Рахымов, Жәнібек Түйменов халыққа істеген адал еңбектерінің арқасында үлкен беделге ие болған жан­дар. Олардың ешқандай уақытпен санаспай, ертелі-кеш ауруларға қызмет жасап, маңдай терлерін төгіп жүр­ген жанқиярлық еңбегін көргенде қазақтың осындай асыл азаматтарына тәнті болады екенсің. Анестезиолог Нұрдан Бос­таевтың кеңесінен кейін маған екі сағаттан артық уақыт ота жасалды. Бірақ ешқандай ауру білінбеді. Ота жасалғаннан кейін буып-таңып, қозғалыс жаттығуларын жасап, екі бал­дақтың көмегімен жүре бастадым. 12 күннен кейін тігілген жібін алып, ауруханадан темір­жол вокзалына әкеліп, тез жазылуыма ізгі тілек білдіріп, шығарып салды. Қозғалысым шектеліп, жүру, қозғалу мұқ­тажды­ғына тап болған кезде ха­лық­қа қамқорлық пен жақ­сы тұр­мыс, тыныштық пен бақыт сыйлап отырған, заманға сай жедел дамып келе жатқан мемле­кеті­міздің қол жеткен табыс­тарына аса ризашылығымды біл­діремін. Республикамыздың шал­ғай елді мекендерінде тұратын жандарға еліміздің дамыған білімі мен ғылымының жетістіктерін пайдалана біл­геннің өзі бір ғанибет дер едім. Күләш ӨМІРБАЕВА, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты.