Облыс әкімі Ерік Сұлтанов этномәдени бірлестіктердің, діни конфессиялардың жетекшілері мен барлық деңгейдегі БАҚ өкілдерін қабылдап, сый-сияпаттарды салтанатты түрде табыстады.
Қазақстан халқы Ассамбеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медаліне Ғ.Мүсірепов аудандық мәслихатының депутаты Ирина Гроот, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық бөлімшесінің төрағасы Кәрібай Мұсырман және Петр-Павел шіркеуінің протоиерейі Сергий әкей ие болды.
Басқосуда өңірдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірін бейнелеуге арналған конкурсқа қалам тербеген 49 журналистің арасынан ең үздіктерінің есімдері жарияланып, бес аталым бойынша жүлделер тарту етілді. Олардың арасында Марат Ермұқанов /«Северный Казахстан»/, Марина Петрова «/Новости Приишимья»/, Абзал Құрманкин /«Астана» ТВ/, Ләйла Жанысова / «Солтүстік Қазақстан»/ секілді қаламы жүйрік журналистер бар.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы.