• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
01 Қаңтар, 2015

ТМД аумағында теңдессіз

268 рет
көрсетілді

Елорда төрінде салынып жатқан алып та теңдессіз көркем Мұз сарайын қолданысқа тапсыратын күн таяп келеді. Астана келбетін ажарландыра түсетін ғажайып ғимарат жұрт көңілін жадыратып, бас қала қонақтарын тамсандыратыны анық.   Аталған көп салалы тамаша ғимаратқа байланысты тапсырманы 2012 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласын одан әрі орнықты дамытуға қатысты өткен алқалы жиында бергені белгілі. Содан бері құрылыс қарқынды жүргізілуде. «Бас мердігер ретінде Mabco constructions SA компаниясы аталатын жауапты жұмыстар легін сол 2012 жылдың қазан айында бастап, межелі белестерді келесі жылдың мамырында бағындыруды көздеуде. Телім аумағы 12,17 га жерді алып жатса, жалпы құрылыс алаңы 86 238,77 шаршы метр көлемді құрауда. Мұз айдынының сыйымдылығы 10300 орынды иеленсе, балалар академиясының сырғанау алқабы 588 орынды еншілейді деп жоспарланып отыр. Суда жүзу кешеніне келсек, 53х25 метрлік олимпиадалық бассейн 2252 орынға шақталса, 33х25 метрлік үйлесімді жүзу және суға секіру бассейні 1135 орынға арналады деп болжануда», деп әңгімелейді «Қазақстан темір жолы» компаниясы «Ірі жобаларды жүзеге асыру бойынша дирекциясы» филиалынан. ҚТЖ қамқорлығындағы «Барыс» хоккей клубына қуаныш сыйлайтын Мұз сарайы Астанадағы Тұран даңғылының бойында орналасқан. Енді спортшылар қарсылас команданы, жанкүйер қонақтарды «үйде» қарсы алуға ұялмақ емес. Атап өтерлік жайт, бұл «Барыс-Арена» спорттық кешенінің ТМД кеңістігінде баламасы жоқ. Сондай-ақ, еске салар болсақ, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің қарсаңында бірнеше халықтық дәстүрге бай, мазмұны ерекше салауатты өмір салтын ұстану және мәдени тыныс-тіршілік ошағының тұсауы кесілмек.  Алдаберген КЕМПІРБАЕВ.