Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 15 наурызында өткен Ұлттық құрылтайда «Айбын» орденінің дәрежелеріне батыр бабаларымыздың есімін беруді ұсынған еді. Мәжіліс ұсыныс бойынша орден дәрежелеріне есімі берілетін батырларды бекітті, деп жазады Egemen.kz.
Мәжіліс «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» заңға енгізілетін түзетулерді қабылдады.
Қазақ жауынгерлерін мәңгі есте сақтау мақсатында заңға «Айбын» орденінің әртүрлі дәрежесіне Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы және Рақымжан Қошқарбаев есімдерін беру туралы толықтырулар енгізілді.
Құжат Сенаттың қарауына жіберілді.