Атырау облысында тасқын судан зардап шеккен отбасыларға бір жолғы әлуеметтік төлем беріле бастады.
Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақованың айтуынша, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері өтініштерді тәулік бойы өңдеуге кіріскен.
«Қазір 650-ге жуық өтініш бойынша бір реттік әлеуметтік көмек қаржысын төлеуге шешім қабылданды. Өтініші қанағаттандырылған отбасылардың есеп-шотына 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне сәйкес 369 мың 200 теңге түсті», деді Гүлнафис Айшуақова.