Мемлекет басшысы «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарға қол қойғаны мәлім. Осы орайда Сенат депутаты Алтынбек Нұхұлы әлеуметтік желіде пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бұл заңдар – әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстарды болдырмауды және алдын алуды көздейді, сонымен қатар, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіруге бағытталған.
Отбасылар мен балаларға көмек көрсету, зорлық-зомбылықтың барлық түрі үшін жазаны қатаңдатуға бағытталған 70-тен астам түзетулер енгізілген», деп жазды сенатор Алтынбек Нұхұлы.