• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Сәуір, 2024

Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады?

1112 рет
көрсетілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мамыр айындағы мереке күндері бойынша демалыс күнін ауыстыру жобасын жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Министрлік 2024 жылдың 4 мамыр, сенбідегі демалыс күнін 8 мамырға ауыстыруды ұсынды. 

Осылайша 4 мамыр жұмыс күні болса, 7,8, 9 мамыр қатарынан үш күн демалыс болмақ.

7 мамырда - Қазақстан қарулы күштерінің күні тойланса, 9 мамыр - Жеңіс күні атап өтіледі.

Ел азаматтары ұсынысты 25 сәуірге дейін талқылап, Ашық НҚА порталында пікір білдіре алады.