• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Таным 18 Сәуір, 2024

Ғалам ғажаптары: 6G – алыста емес

152 рет
көрсетілді

Қытайлық ұялы байланыс операторы «China Unicom» 6G желісінің іске қосылу мерзімін айтты. Бұл туралы «South China Morning Post» газеті хабарлады.

Компания 2025 жылы 6G орнату сынақтарын ерте бастамақ. Негізінен техно­логияны коммерциялық іске қосу 2030 жылға жоспарланған болатын. Қытай «Unicom» топ-менеджерінің баға­лауы бойынша, олар – 5G технологиясын қолдануда көшбасшылыққа өткен. Қы­тайдың өнеркәсіп және ақпараттық техно­логиялар министрі Джин Чжуанлун елдегі смартфондар нарығы әлемдегі ең ірі нарыққа жататынын, бұл 6G-дің дамуы­на ықпал ететінін айтқан еді. Дегенмен 6G-дің пайда болуы адамзатқа зиян тигізуі мүмкін. Қытай ғалымдары терагерц толқындарының сәулеленуі ми жасу­шаларының көлемінің ұлғаюына әкеледі деп қорқып та отыр. Сарапшылар ық­тимал қауіптің алдын алу үшін 6G әсерін одан әрі зерттеу керек екенін түсіндірді.

 

Айдың да уақыты бар

Уақыт ұғымы жердегілерге ғана тән еді. Ал «NASA» айдың уақыт жүйе­сін жасамақ. Айдың да өз уа­қыты бар енді...

NASA айдың өзіндік уақыт жүйесін құруды жоспарлады. Бұл туралы бас­пасөз хабарламасында айтты. Се­бебі Ақ үй «NASA-ға» және АҚШ-тың бас­қа ұйымдарына Халықаралық ға­рыш агенттіктерімен бірігіп, айдың уа­қыт жүйесін ойлап табуды тапсырды. Ма­мандар терең зерттеу жүргізіп, 2026 жылдың соңына дейін сақадай-сай қылуы керек. Айдың ауырлық күші Жерге қарағанда аз болғандықтан, оның бетінде тұрған атомдық сағаттар жер сағат­тарымен салыстырғанда 58,7 микро­секундқа алға жылжиды. Қазіргі уа­қытта бұл айырмашылық байланыс және басқа жүйелер үшін өте маңызды болуы мүмкін.

 

Күйзелісті анықтайтын сақина

АҚШ-та күйзеліс дең­гейін ұйқы кезінде ақылды сақинамен анық­тауға болады.

Вермонт университетінің ғалымдары ұйқы кезінде адам ағзасы күйзеліс деңгейін анықтауға болатын көптеген сигналдар беретінін білді. Сарапшылар өздерінің гипозеттерін зерттеуге қатысушыларға таратқан ақылды сақиналар арқылы растады. Материал ұйқы сапасы мен стресс деңгейі арасындағы байланысты көр­сетеді. Ғалымдардың айтуынша, үдеріс жүруі үшін адам 8-9 сағат ұйық­тау керек. Сақина жүрек соғысының жиілігі туралы деректерді жинайды. Соғу жиілігі қалыптағыдан жоғары болған сайын күйзеліс деңгейі 3,6 пайызға өседі. Солай жүрек дерттері мен күйзеліс дер кезінде анықталып, алдын алуға болады.