11 сәуірде Есет батыр атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде сегізінші сынып оқушысы есінен танып қалған, кейінірек ол жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Полиция мәлім еткендей, қайғылы оқиғаға байланысты аталған спорт мектебінің екі тәрбиеленушісі күдікке ілінді.
«Бұзақылық және адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды», делінген хабарламада.