• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Шаруашылық 19 Сәуір, 2024

Министрлік оқытқан нейрожелі

113 рет
көрсетілді

Жасанды зерденің жәрдемімен жұмысшы іздегендер де, жұмыс іздегендер де оңай таба алады.

Еңбек және халықты әлеу­­­мет­тік қорғау ми­нис­тр­­лігі электронды еңбек биржасы порталында жұмыс іздеушілер мен жұмыс беру­шілер үшін бос орындар мен түйіндемелер бойынша ұсы­нымдарды сәйкестендіріп, жүйелеуге мүмкіндік беретін жа­санды интеллект моделін іске қос­ты. Нейрожелі аталған ми­нис­тр­­ліктің ақпараттық жүйе­­лері­нің дерегімен арнайы оқы­тылған. Бұл жүйе LinkedIn Recruiter іздеу және ұсыныстар жү­йе­­сіне ұқсас озық тәсілмен әзір­­ленген.

Түйіндемелер мен бос жұмыс орындарының мазмұнын тиімді талдауға мүмкіндік беретін табиғи тілді өңдеу модельдері екі тараптың да жұмысын едәуір жеңілдете түседі. Аталған механизм жұмыс берушілерге жұмысқа қабылдау және кадр резервін қалыптастыру үшін лайықты канди­даттарды жылдам және дәл іздеу­ді қам­та­масыз етсе, ал жұмыс іздеу­ші­лерге өзінің талаптарына сәйкес келетін бос жұмыс орындарын тезірек іздеп табуға мүмкіндік береді.

Қысқасы, жасанды интеллект барлық түйіндеменің мазмұнын жақсы түсінеді. Ол жерде жазылған жалақы мөлшері, тұрғылықты жері, көшу мүмкіндіктері, дағдылары сияқты әртүрлі талапты ескере отырып, жұмыс іздеушіге ең қолайлы нұсқаларды ұсынып отырады. Дәл солай жұмыс берушілерге де лайықты ұсыныстар береді.