• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Ауа райы 19 Сәуір, 2024

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?

141 рет
көрсетілді

Синоптиктер 19 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Республикамыздың басым бөлігі ауқымды антициклон әсерінде болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы болады, тек еліміздің солтүстігінде және шығысында, күндіз оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр, шығыста, оңтүстікте найзағайлы жаңбыр жауады деп болжанып отыр.

Ел бойынша жел күшейіп, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік-батыста, шығыста және орталықта тұман түседі.