Иранның Исфахан қаласындағы әуежай маңында жарылыс болды. Бұл туралы ирандық БАҚ хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
FARS агенттігінің хабарлауынша, жарылыстар халықаралық әуежай маңындағы Әскери-әуе күштері базасына жақын жерде болған. Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, аталған аймақта үш жарылыс тіркелген.
«Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі зымыранға емес, ұшқышсыз ұшаққа жауап қайтарған. Жарылыс салдарынан әкімшілік ғимараттардың терезесі сынған», деп нақтылады агенттік.
Айта кетсек, Исфахан провинциясында Иранның бірнеше ядролық нысандары орналасқан.
Сонымен қатар Тегеран мен басқа қалалардың үстінен ұшақ қозғалысы тоқтатылды. Атап айтқанда, Иран астанасындағы Имам Хомейни атындағы халықаралық әуежай уақытша жабылды.