Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан каноэ мен байдаркада есуден Азия чемпионатында Қазақстан спортшылары жұптық сында Париж Олимпиадасының тағы бір жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Каноэмен 500 метрге жарыста финалға шыққан отандастарымыз Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұбы қарсыластарын артта қалдырды.
Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынына Париж Олимпиадасының 34-ші жолдамасы түсті.