Telegram мессенджерінде Астана мектептерінде жаппай терроризм ұйымдастырылатыны туралы хабарлама тарап жатыр. Осыған байланысты қалалық полиция басқармасы мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.
Басқарма ата-аналарды дүрбелеңге салынбауға шақырды.
«Мессенджерлерде, соның ішінде Telegram-да қала мектептерінде терроризм қаупі туралы кең таралған жарияланым шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Құзырлы органдар білім беру ұйымдарын тексерді», деді қалалық ПБ экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Данияр Шымырқұлов.
Мамандар тұрғындардан тыныштықты сақтауды және тек ресми ақпаратқа сенуді сұрап, көрінеу жалған хабарлама таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.