«Қазгидромет» РМК синоптиктері 22 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазақстан аумағының басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады. Күн күркіреп, жаңбыр жауады, жел күшейеді, оңтүстікте бұрқасын болып, шаңды дауыл соғады», делінген хабарламада.
Ал еліміздің солтүстік-батысында, қиыр солтүстігінде және орталығында күн ашық болады.