Қазіргі бессайыстан ел спортшылары Түркияның Анкара қаласында өткен әлем кубогі кезеңінде алтын медаль жеңіп алып, чемпион атанды, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан командасы аралас эстафетада бірінші тұғырға көтерілді.
Аталған сында Қазақстан намысын Павел Ильяшенко мен Елена Потапенко қорғады.
Жалпы қорытындыда бессайысшыларымыз 1327 ұпай жинады.
Екінші орынды Египет, үшінші орынды Италия құрамасы еншіледі.