• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Қаңтар, 2015

Экспо көрмесіне қатысады

301 рет
көрсетілді

Мүмкіндігі шектеулі адам­дарға арналған респуб­ликалық әлеу­меттік байқауға Ақмола облысынан қатысқан Юлия Горячевская екінші орынды иемденді. «Дарын­ды бас­тау» аталымы бойынша көзге түскен степногорлық қыз енді ЭКСПО-2017 халықаралық көр­месіне қатысатын болады. Юлия мүгедектігіне қара­мастан, шыныдан шырайлы бұйымдар дайындауымен ел аузына ерте ілікті. Ол жоғарыда аталған беделді байқауда мата және тоқыма бұйымдарын әшекейлеуімен, шыныдан жасалған нәзік картиналарымен, тіпті, шахмат фигураларымен талғампаз көрермендерді тәнті етті. Қазір Ю.Горячевская Мә­дениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Мем­лекеттік сая­сатты дамыту қоры» ҚҚ қолға алған мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін халықтық және сәнді қолөнер туындыларын жа­сау арқылы ЭКСПО-2017 халық­аралық мамандандырылған көр­месіне қызу дайындалу үстінде. Ақмолалықтар өнерлі қыздың абыройлы саптан көрінетініне сенімді. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы.