• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 22 Сәуір, 2024

Қазақстанға аяз қайта оралады - синоптиктер

2652 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 23, 24 және 25 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Метеорологтардың мәліметінше, республиканың басым бөлігіне оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

25 сәуірде еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Тек апта басында ғана антициклонның ықпалымен еліміздің солтүстік және шығыс аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ел бойынша екпінді жел, бұршақ күтіледі.

«Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында арктикалық ауа массаларының басып кіруі әсерінен ауа температурасының түнде 1-8 градус аязға дейін, күндіз 3-13 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі. Орталықта түнде 0-5 градус аяз, күндіз 5-15 градус жылы болады», делінген хабарламада.