• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Сәуір, 2024

Дәріс тақырыбы – сайлау жүйесінің өзекті трендтері

120 рет
көрсетілді

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазақстанның сайлау жүйесін дамытудың өзекті трендтері» тақырыбында сөз сөйледі. Іс-шараға студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам өкілдері, сондай-ақ ОСК хатшысы, мүшелері, комиссия жанындағы Сарапшылық кеңесінің, еліміздің бірқатар өңірінің аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.

Көшбасшылық дәріс форматында өткен іс-шарада Ортсай­лауком басшысы комиссия жанындағы Сарапшылық кеңес мүшелерінің, профессорлар, заң ғылымдарының докторлары Эдуард Мұхамеджанов, Лейла Жанұзақова, Айнұр Сәбитова, құқық докторы (PhD) Халида Әжіғұлованың сайлау саласын дамытуға қосқан елеулі қызметі мен үлесін атап өтіп, оларға ОСК Құрмет грамотасы мен ОСК-ның 30 жылдығы аясында жарияланған ғылыми еңбектерді тапсырды.

Дәріс кезінде Н.Әбдіров 1993 жылғы 8 желтоқсанда елдің Орталық сайлау комиссиясы құрылған сәттен бас­тап Қазақстан тәуелсіздігі кезеңінде елдің сайлау жүйесі мен сайлау органдарының дамуы және трансформациялануы мәселелеріне тоқталды. «Осы күннен бастап комиссия орталық деңгейде жұмыс істейтін тұрақты инстанция­ға, мемлекеттік басқарудың толыққанды органына айналды», деп атап өтті ол.

1995 жылы ОСК өкілеттік­терін белгілеп берген «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң қабыл­данды. Комиссия сайлау органдарының бірыңғай жүйе­сін басқарды және құрылған кезінен бастап мемлекеттік биліктің заңды институттарын қалыптастыруға тікелей қатыса отырып, Қазақстанның қалыптасу тарихымен тығыз байланысты болды.

Көптеген беделді халықара­лық ұйымның белсенді мүшесі бола отыра, Қазақстан еркін және бәсекелестік сайлау өткізуде барлық міндеттемесін ұстанады. Мемлекет басшысы, Парламент және мәслихат депутаттары, сондай-ақ әкім­дердің сайлауы елімізде ұлт­тық заңнамаға және Адам құқық­тарының жалпыға бірдей дек­ларациясында (1948 жыл), Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіде (1966), ЕҚЫҰ Копенгаген Кеңесінің Құжатында (1990) қамтылған демокра­тия­лық сайлаудың жалпыға бірдей танылған қағидаттарына сәй­кес өтеді. ОСК төрағасы атап өткендей, бүгінгі күні азамат­тардың сайлау құқықтарының сақталуына кепілдік беретін толыққанды заңнамалық база құрылды.

Еліміздің сайлау органдары осы жылдарда маңызды 39 ірі елдік электоралдық науқан өткізді. Сондай-ақ бес елдік науқан – ел Конституциясына толықтырулар мен өзгерістер енгізу жөніндегі референдум, Президент, Сенат депутаттарын, Мәжіліс депутаттарын, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлаулар бір жыл ішінде өткізілді. 2021 жылы енгізілген сәттен бастап сайлау комиссия­лары екі мыңнан аса (2144) ауыл әкімдерін сайлау науқа­нын ұйымдастырып, өткізді. Бұл ауыл деңгейіндегі әкім­дердің жалпы санының 91,5%-ын қамтиды. Өткен жыл­дың соңында алғаш рет қанат­қақ­ты режімде аудандар мен об­лыс­тық маңызы бар қалалар­дың 45 әкімін тікелей сайлау өтті.

Бүгінде еліміздегі сайлау үдерісі бүкіл саяси жүйемен бірге дамуын және реформалануын жалғастырып келеді. Н.Әбдіров дәріс барысында 2022 жылғы 5 маусымда өткен республикалық референдумда жалпыхалықтық қолдау тапқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың конституциялық реформасына байланыс­ты сайлау заңнамасының ір­гелі жаңалықтары туралы да айтып берді. «Орталықта және жергілікті жерлерде мем­ле­кеттік билік пен бас­қару орган­дарына лауазымды тұл­ғаларды сайлаудың түбегейлі жаңа тәртібі белгіленді», деді ол.

Ортсайлаукомның басшысы саяси реформалар тақырыбын да қозғады, оның ішінде сайлау бәсекелестігі үшін алаңды едәуір кеңейткен саяси партияларды тіркеу рәсімін жеңілдету бар. ОСК-нің транспарентті жұмыс форматына көшкенін атап өткен ол: «Ұлттық және халықаралық институттармен байланыстың жаңа арналары жолға қойылды. 2022 жылы құрылған ОСК жанындағы диа­лог алаңдары – Сарапшылық кеңес және Жас сайлаушылар клубы қарқынды дамып келеді, Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтама­сыз ету жөніндегі жұмыс тобы­ның қызметі қайта форматталды. Сарапшылық кеңес ала­ңын­­­да елдегі сайлау барысын халықаралық байқау қоры­тын­дыларын кеңінен, жан-жақты және ашық талқылау дәстүрі қалыптасып келеді», деді.

Сонымен қатар ОСК мү­ше­­­лерінің сайлау науқан­дары барысында, сай­лауа­ра­лық кезеңдерде өңір­лердің жұртшылығымен және жас­тарымен тұрақты тікелей, а­шық диалог форматы құ­ры­лып келеді. Н.Әбдіров дәріске қатысушыларға сайлау саласындағы халықаралық қатынастардың дамуы туралы айтып берді. Мәселен, бүгінгі таңда 11 елдің орталық сайлау органдарымен ынтымақтастық туралы екіжақты құжаттарға қол қойылған.

Комиссияның стратегия­лық келешегіне, көз­қарасына, миссиясына, құнды­лықтарына, қағидаттарына, басым­дық­тарына кеңінен тоқталған Н.Әбдіров: «Міндетіміз – өт­кен жолды түсіну, сондай-ақ Пре­зи­денттің саяси реформасын ескере отырып, сайлау органдарының бүкіл жүйе­сімен бірге ОСК даму перспек­тиваларын айқындау», деп атап өтті. 2022 жылғы консти­туция­лық реформа саяси жүйенің бүкіл конфигурациясын өзгер­тіп, сайлау институтына транс­формациялық әсер етті. Аза­маттардың мемлекетті бас­қар­у­дағы, оның ішінде сайлау үдерістері арқылы рөлін арт­тыруға баса назар аударылды.

Ортсайлаукомның басшысы сөзін «Қазақстанның ОСК өзінің үйлесімді жұмыс істейтін «экожүйесімен» тұрақты мемлекеттік институт ретінде қалыптасты, деп қорытындылады. Комиссия азаматтардың қолданыстағы заңнамаға және халықаралық міндеттемелерге сәйкес сайлауға және сайлануға өзінің ажырамас конституциялық құқықтарын іске асыруы үшін жағдайларды қамтамасыз етеді.

Дәріс барысында жоғары оқу орнының 106 студенті мен оқытушысы қатысқан өзекті сайлау мәселелері бойынша дәстүрлі онлайн-сауалнама қызығушылық тудырды. Дәріс «сұрақ-жауап» сессия­сы және пікірталаспен аяқ­талды. Мәселен, ғалым-этно­граф, профессор Тәттігүл Қартаева­ны басқа елдер­дің пар­ламенттерімен салыс­тыр­ғанда, депутаттар саны, сай­ланған депутаттар қызметінің тиімділігіне талдау жүргізу, өзін-өзі ұсыну институтын енгізудің нәтижелілігі және шетелдерде Қазақстан азаматтарының сайлауға қатысу мәселелері қызықтырды. Заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының докторы, профессор Дәулет Байдельдинов сайлау үдерісіндегі объектив­тілік мәселелері, ал студент Айтина Байсарова басқа адам­дардың, оның ішінде туыс­тарының орнына дауыс беру туралы сұрақтар қойды. Магис­трант Жадыра Даирова элек­т­ронды дауыс беруде блок­чейндерді пайдалану кезінде ықтимал тәуекелдерді азайту туралы сұраса, докторант Қанат Әлихан дауыс беру құпиясын қамтамасыз ету тетіктеріне қызығушылық танытты.

Сондай-ақ облыстар, Астана, Алматы, Шымкент қала­лары­ның аумақтық сайлау комис­сия­ларының мүшелеріне рес­пуб­ликалық көшпелі семинар ұйымдастырылып, сайлау саласының өзекті мәселелері бойынша оқыту өтті.