
Заң мен Тәртіп • 25 Қаңтар, 2025
«Қыз алып қашудың» жазасы қатаң
Әлем елдері дамудың даңғыл жолына түсіп, демократиялық саясатқа бағыт алып жатыр. Бұған сәйкес қоғам да жаңғырып, өркениеттер көшіне қадам басып келеді. Ал біздегі көзі ашық, көкірегі ояу жастардың арасында өткеннің жұрнағын өз ыңғайына қарап өзгертуге құмарлар бар. Әсіресе әйел құқығын қорғаудың маңызы арта түскен тұста қыз балалар қой секілді өңгеріліп, өзге үйдің босағасында «бас бостандығынан айырылып» жатыр. Былтыр Президент Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда мұндай қараңғылыққа тосқауыл қою қажеттігін қадап айтқан еді.
Тарих • 20 Қаңтар, 2025
1990 жылдың 20 қаңтары – әзербайжан халқының тарихындағы ең қайғылы әрі қаһармандыққа толы беттердің бірі.
Қоғам • 17 Қаңтар, 2025
Ұлттық ұланның Алматы қаласындағы Б.Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімнің жеке құрамы Қаңтар оқиғасы кезінде ерлікпен қаза тапқан Айбат Амановтың анасы Гүлназ Әлкенқызымен кездесті. Іс-шараға Айбат Амановпен бірге Отан алдындағы борышын өтеген қарулас достары да қатысты.
Отбасы • 15 Қаңтар, 2025
Үйдегі қылмыс ұлт пен мемлекет талғамайды. Сондықтан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес – әлемге ортақ міндет. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы Дипломатиялық өкілдігінде өткен «No Visible Bruises» кітабының қазақ тіліндегі аудармасын таныстыруға арналған іс-шарада айтылды.
Халық • 10 Қаңтар, 2025
Бірлік пен келісімді құндылық көретін елдің егемендігі мығым. Бүгінде қазақтың топырағында өсіп-өнген этнос өкілдері тәуелсіздік татулықтың тұтқасы екенін жақсы түсінеді. «Кемедегінің жаны бір» дегендей, жақында халық арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнама да осыны көрсетіп берді. Мәселен, сол сауалнамаға қатысқандардың дені өз елін азаматтық бірегейлік негізінде біртұтас ұлт ретінде қабылдайтынын айтқан. Ал оларды біртұтас ел ретінде Қазақстанның төлқұжаты, ата-бабалардың ортақ тарихы, ортақ тіл, патриотизм, ортақ құндылықтар мен нормалар секілді негізгі күш біріктіреді екен.
Заң мен Тәртіп • 28 Желтоқсан, 2024
Ел мүддесін қорғау – басым бағыт
Биыл халықаралық төреліктер мен шетелдік соттарда мемлекеттің мүдделері мен мүліктік құқықтарын қорғауға ден қойылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әділет министрінің орынбасары Даниель Ваисов мәлім етті.
Үкімет • 27 Желтоқсан, 2024
Кеше Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтті. Онда сенаторлар күн тәртібіне шығарылған бірқатар заңды қарап, өздерінің депутаттық сауалдарын жолдады.
Қылмыс • 27 Желтоқсан, 2024
Қылмыстың азаю үрдісі байқалады
Кейінгі жылдары елімізде бірқатар заңға өзгертулер мен түзетулер енгізілді. Соның ішінде биыл да адам өмірі мен құқығына қол сұққандарға жаза күшейтіліп, әкімшілік жауапкершілікке жататын кейбір баптар қылмыстық істерге теңестірілген еді. Бұл республикадағы криминогендік жағдайдың төмендеуіне септігін тигізді.
Жастар • 24 Желтоқсан, 2024
Жуырда Astana IT University-де «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастыруымен «Қазақстан жастары – 2024» ұлттық баяндамасына арналған сараптамалық талқылау өтті. Іс-шараға қатысқан Парламент Мәжілісінің депутаттары, Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, жастар саясаты саласындағы жетекші отандық сарапшылар мен студенттер ой-пікірін ортаға салды.
Егемен Қазақстан • 20 Желтоқсан, 2024
Сәрсенбіде Мәжілісте «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасы қаралды. Бұл құжат қабылданса, Түркістан қаласы ресми түрде еліміздің рухани-мәдени, тарихи және туристік орталығына айналады. Осылайша киелі мекенге ерекше мәртебе беріліп, қала аумағындағы тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау құқықтық тұрғыда қамтамасыз етілмек. Ал қасиетті мекенге айрықша мәртебе беру туралы мәселені осыдан 24 жыл бұрын «Егемен Қазақстан» газеті көтерген еді.