Жадыра МҮСІЛІМ
Жадыра МҮСІЛІМ«Egemen Qazaqstan»
82 материал табылды

Заң мен Тәртіп • 25 Қаңтар, 2025

«Қыз алып қашудың» жазасы қатаң

Әлем елдері дамудың даңғыл жолына түсіп, демократиялық саясатқа бағыт алып жатыр. Бұған сәйкес қоғам да жаңғырып, өркениеттер көшіне қадам басып келеді. Ал біздегі көзі ашық, көкірегі ояу жастардың арасында өткеннің жұрнағын өз ыңғайына қарап өзгертуге құмарлар бар. Әсіресе әйел құқығын қорғаудың маңызы арта түскен тұста қыз балалар қой секілді өңгеріліп, өзге үйдің босағасында «бас бостандығынан айырылып» жатыр. Былтыр Президент Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда мұндай қараңғылыққа тосқауыл қою қажеттігін қадап айтқан еді.

Тарих • 20 Қаңтар, 2025

Бостандық жолындағы бетбұрыс

1990 жылдың 20 қаңтары – әзербайжан халқының тарихындағы ең қайғылы әрі қаһармандыққа толы беттердің бірі.

Отбасы • 15 Қаңтар, 2025

Отбасын сақтау – ортақ іс

Үйдегі қылмыс ұлт пен мемлекет талғамайды. Сондықтан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес – әлемге ортақ міндет. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы Дипломатиялық өкілдігінде өткен «No Visible Bruises» кітабының қазақ тіліндегі аудармасын таныстыруға арналған іс-шарада айтылды.

Заң мен Тәртіп • 12 Желтоқсан, 2024

Жауапкершілікке тарту үдерісін жеделдету маңызды

Осы күні алаяқтардың қулығына құрық бойламай отырғаны туралы жауапты органдар жарғақ құлағы жастыққа тимей жарыса айтып жатыр. Бірақ аңқау елдің қалтасын қағып, миллиондап қарызға батырып жатқандар әлі де азаймай отыр. Өйткені есікті жапса, терезеден кіріп, терезені бекітсе, тесіктен кіріп жатқан алаяқтар оңай олжаға кенелгісі келетіндердің психологиясын бес саусағындай біліп алған.

Сараптама • 11 Желтоқсан, 2024

Сауалнама нәтижесі сенім ұялатады

Азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы ортақ түсінік алдағы мақсаттың айқындалуына септігін тигізеді. Кейінгі бірер жылда жүр­гі­зілген саяси өзгерістер еліміздегі 20 миллион халықтың әртүрлі тобына белгілі бір деңгейде әсер еткені белгілі. Әйтсе де Президент жанын­дағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жүргізген сауал­нама мемлекеттің стратегиялық даму бағыты мен Президенттің баста­ма­ларына сенім артатынын көрсетіп отыр.

Үкімет • 05 Желтоқсан, 2024

Қазақ тілін мәдени құндылық ретінде қорғауды көздейтін құжат

Кеше Мәжілісте депутаттар күн тәртібіндегі сегіз құжатты қарады. Оның ішінде үш заң жобасын екінші, тағы бір құжатты бірінші оқылымда мақұлдады. Сондай-ақ палата отырысында мәдениет пен дипломатияға қатысты заң жобалары қаралып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдермен арадағы еркін сауда туралы келісім де депутаттар алдынан өткізілді.

Қоғам • 03 Желтоқсан, 2024

Тежегішті тізгіндеп отырыңыз!

Былтыр Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті республика жолдарында 15 886 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 1 984 адам қайтыс болғанын мәлімдеген еді. Ал биыл жыл басынан бері 22 мыңнан аса жол апаты болған.

Суицид • 16 Қараша, 2024

Жаныңның ұқпай жарасын...

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жыл сайын шамамен 720 мың­нан аса адам суицидтен көз жұматынын көрсеткен. Бұл шамамен әлем­де әр­бір 40 секунд сайын бір адамның өмірден өз еркімен кететінін біл­­­­діреді. Ал бізде орта­ша есеппен жылына 3 мыңнан аса адам өз-өзіне қол жұм­­сайды екен. Оның ішінде басынан сөз асырғысы келмеген бала­­лар, жүйкесі тозған жас­тар, жақынның жылуын сезіне алмаған қарт­тар да бар.

Қоғам • 12 Қараша, 2024

Табыс декларациясы жемқорлықты жүгендей ала ма?

Осы жылдың басынан бері жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі бас­талды. Науқанның аясында заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары кіріс декларациясын тапсыруға міндеттелген. Ал келесі жылдан бастап кәмелет жасқа толған кез келген азамат тапқан табысы мен жұмсаған шығынын көрсетуге тиіс.

Реформа • 25 Қазан, 2024

Сенімді нығайтқан саяси реформа

Кейінгі бес жылда елдің саяси өмірінде сең қозғалды. Мемлекеттің басқару жүйесіндегі жаңа реформа халықтың шешім қабылдау үдерістеріне қатысуына, қоғамға әлеуметтік оптимизм мен ынтымақтастықты қайтаруға тың серпін берді. Ең маңыздысы, рефор­ма­лар­дың жүйелі әрі дәйекті жүргізілуі жұрттың айтарына құлақ түретін Үкіметтің өз бетінше шешім қабылдап, заң шығарушы палатаның да ықпалын арттыра түсті.