Жастар • 24 Желтоқсан, 2024

Ұлттық баяндама таныстырылды

885 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жуырда Astana IT University-де «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастыруымен «Қазақстан жастары – 2024» ұлттық баяндамасына арналған сараптамалық талқылау өтті. Іс-шараға қатысқан Парламент Мәжілісінің депутаттары, Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, жастар саясаты саласындағы жетекші отандық сарапшылар мен студенттер ой-пікірін ортаға салды.

Ұлттық баяндама таныстырылды

Сурет: gov.kz

Мәдениет және ақ­парат министр­лігінің Жастар және отбасы істері комите­ті төрағасының орынбасары Бір­жан Әлімжанов сөз басын­да жастар саясатын іске асыру­дың негізгі бағыттары мен даму перспективалары туралы айтты. Оның айтуынша, жастар саясатының маңызды міндеті жастардың сапалы білім алуы мен кәсіби өсуіне мүмкіндік беріп, жағдай жасау қажет.

Өз кезегінде «Жастар» ғы­лыми-зерттеу орталығының ди­ректоры Айсұлу Ерниязова бүгінгі жастар саясаттың объек­тісі ғана емес, елдің трансформациясына елеулі үлес қоса алатын белсенді субъек­тісі болып отырғанын алға тартты. Оның пікірінше, жастар арасында бұрын зерттелмеген үрдістерді анықтайтын пәнаралық зерттеулер жүр­гізу маңызды. Бұл олардың құзыреттерін дамытуға, бәсе­ке­ге қабілеттілігін арттыруға және өздерін жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасауға ық­пал етпек.

Зерттеуші, PhD Эльмира Отар білім сапасын жақсар­туға ықпал ететін ресурс­тар­ды неғұрлым тең және қол­жетімді бөлуге жағдай жа­сау­дың маңызына тоқталды. Бұ­ған оқытудың инновация­лық тәсілдерін енгізу, білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсар­ту және цифрлық технология­ларды дамыту кіреді.

Сондай-ақ «Eurasian Resources Group» компания­­сы­ның жастар саясаты жөнін­дегі менеджері Ильяс Құдабаев жас­тардың мансаптық таңдау­ла­ры мен олардың кәсіби бағ­да­рын анықтайтын факторларды ­ескеру қажеттігін айтты.

«Студенттердің шамамен 30%-ы алдағы бірнеше жылда бір компанияда жұмыс істегісі келетінін білдірсе, төрттен бірі жеке бизнесін ашуды жоспарлайды. Мамандығына сәйкес жұмыс істеуден бас тартудың басты себептері – жұмыс процесінің монотондығы, кә­сіби қызығушылықтың тө­мендігі және еңбекақының аздығы», деп атап өтті ол.

Ал MIND ғылыми-талдау орталығының сыртқы саясат және халықаралық зерттеулер бағдарламасының жетекшісі Мирас Жиенбаев мемлекеттің сыртқы даму стратегиясын қалыптастырудағы жастардың рөліне назар аударды. Оның айтуынша, жастар жаңа көзқарасқа, инновациялық ойлауға және жаһандық трендтер туралы терең білімге ие бола отырып, сыртқы саясатқа тиімді тәсілдерді әзірлеуге айтарлықтай үлес қоса алады.

Талқылауға қатысқан жас­тар мен сарапшылар заман­дастарының болашаққа деген көзқарасы мен олардың белсенді қатысуының ма­ңыз­дылығын атап өтті. Олар­дың ой-пікірі бір арнаға то­ғысты. Айтуынша, жастар сая­саты саласында тиімді ше­шімдер әзірлеу үшін осын­дай сараптамалық талқы­лау­лардың санын арттыру қа­жеттігін қолдап, оң пікірлерін білдірді. 

Соңғы жаңалықтар

Көкшетау көркейіп келеді

«Таза Қазақстан» • Кеше

Өндірістегі өзгеше отау

Мереке • 01 Мамыр, 2025