Президент • 06 Қараша, 2023
Бабалар өсиетін орындау – басты парыз
Бас қаламызда түбі бір түркі жұрты ғана емес, төрткүл дүние назар аударған басқосу болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық X саммитінде ел президенттері түркі интеграциясының тамырын тереңдетіп, бауырлас халықтардың бірлігін бекемдеуге қатысты бірқатар ұсынысын ортаға салды. «Түркі дәуірі!» ұранымен ұйымдастырылған ауқымды іс-шараның маңыздылығы да осында – бауырлас халықтардың болашаққа деген сенімін нығайтып, қарым-қатынасын жан-жақты жандандыруға жол ашу.
Заң • 06 Қараша, 2023
Жақында өзгертулер мен толықтырулар енгізілген «Қоғамдық бақылау туралы» заңның негізгі новеллалары түсіндірілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров жан-жақты баяндап берді. Оның айтуынша, қоғамдық бақылау мәселелері бойынша он заңға өзгерістер енгізілген.