Айбын • Бүгін, 08:25
Бүгінде байтақ еліміздің әрбір өңірінен келген жастар Отан алдындағы жауапкершілікті сезініп, азаматтық борыштарын адал атқарып жүр. Солардың бірі – биыл ІІМ Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6679 әскери бөліміне шақырылған егіз сарбаз.
Суицид • 16 Қараша, 2024
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жыл сайын шамамен 720 мыңнан аса адам суицидтен көз жұматынын көрсеткен. Бұл шамамен әлемде әрбір 40 секунд сайын бір адамның өмірден өз еркімен кететінін білдіреді. Ал бізде орташа есеппен жылына 3 мыңнан аса адам өз-өзіне қол жұмсайды екен. Оның ішінде басынан сөз асырғысы келмеген балалар, жүйкесі тозған жастар, жақынның жылуын сезіне алмаған қарттар да бар.
Қоғам • 12 Қараша, 2024
Табыс декларациясы жемқорлықты жүгендей ала ма?
Осы жылдың басынан бері жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды. Науқанның аясында заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары кіріс декларациясын тапсыруға міндеттелген. Ал келесі жылдан бастап кәмелет жасқа толған кез келген азамат тапқан табысы мен жұмсаған шығынын көрсетуге тиіс.
Айбын • 08 Қараша, 2024
Шекара шебінде қызмет ету – жоғары жауапкершілік. Әсіресе геосаяси ахуал күн сайын қиындап, қылмыскерлердің көші жиілеп тұрған тұста қылт еткен қимыл-қозғалыс күдік пен секем туғызады. Мұндай сәтте елге төнетін қауіппен ең алғаш болып бетпе-бет келетін шекарашылардың сын сағатта ақыл-ойы мен физикалық дайындығы сыр бермегені абзал.
Реформа • 25 Қазан, 2024
Сенімді нығайтқан саяси реформа
Кейінгі бес жылда елдің саяси өмірінде сең қозғалды. Мемлекеттің басқару жүйесіндегі жаңа реформа халықтың шешім қабылдау үдерістеріне қатысуына, қоғамға әлеуметтік оптимизм мен ынтымақтастықты қайтаруға тың серпін берді. Ең маңыздысы, реформалардың жүйелі әрі дәйекті жүргізілуі жұрттың айтарына құлақ түретін Үкіметтің өз бетінше шешім қабылдап, заң шығарушы палатаның да ықпалын арттыра түсті.
Айбын • 23 Қазан, 2024
Ұлттық ұланның көпбалалы анасы
Бүгінде Ұлттық ұлан қатарында қызмет етуге ниетті арулардың саны көбейіп келеді. Мәселен, Тараз қаласында орналасқан 5513 әскери бөлімінің бөлініс бастығы, кіші сержант Меруерт Чораева былтыр әкімдіктегі қызметін тастап, құқықтық тәртіп қатарына қосылған. Осы аз ғана уақыт ішінде әскери саланың қыр-сырын меңгеріп, егіз балаларын өмірге әкелді. Алайда бір қолымен бесік тербеткен көпбалалы ана ата-баба дәстүрін берік ұстанып, саптағы қызметіне де салғырттық танытқан емес.
Экономика • 15 Қазан, 2024
Тұрақты даму еңбек нарығына тәуелді
Кеше Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында көпті толғандырып жүрген халықтың әлеуметтік ахуалы талқыға салынды. Оның ішінде депутаттар жұмыспен қамтудың жай-күйінен бастап шетелде құлпынай теріп жүрген отандастардың мәселесіне дейін көтеріп, сөз бен істің арасындағы арақашықтықты жақындату қажеттігін алға тартты.
Мәселе • 03 Қазан, 2024
Өткен жолы шетелге қыдыруға барған отандасымыз Италиядағы тарихи ғимаратқа заңсыз жазу жазып, жауапкершілікке тартылды. Осы оқиғаның артынша Грузияға барған тағы бір атыраулық келіншек Батумидегі Ботаника бағында өте сирек кездесетін бамбук ағашына атын жазып қалдырмақ болған. Шекара сыртында есімін ескерткіштерге қалдырамын деп, мемлекеттің абыройын айрандай төккен мұндайлардың ел ішіндегі ессіз әрекеттерін жіпке тізіп шығу мүмкін емес.
Медицина • 26 Қыркүйек, 2024
Шетелден шипа іздеу – отандық медицинаға сын
Осы күні шекара сыртынан ем іздеген науқас көп. Әсіресе қатерлі ісікке шалдыққандар арасында қайырымдылық қорларын жағалап, шетел дәрігерлерінің қолынан ем алғысы келетіндер жетерлік. «Біздегі Орталық Азиядағы теңдесі жоқ» емдеу орталықтары мен қыруар қаржыға сатып алынған соңғы техникалардың қауқары қатерлі ісікке шалдыққандарға үміт сыйлай алмағаны ма? Отандық медицина саласына тыңнан түрен салып, әлемдік жаңалық ашып жатқан мамандарымыз алдына келген науқастың дертін дөп баса алмайтыны қалай?
Үкімет • 19 Қыркүйек, 2024
Қоршаған ортаны қорғау – өңіраралық мәселе
Кеше Парламент Мәжілісінің депутаттары күн тәртібінде үш заң жобасын қарады. Палата спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста «Пошта туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасына қорытынды әзірлеу талқыланып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауар биржалары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» құжат қаралды.