Жадыра МҮСІЛІМ
Жадыра МҮСІЛІМ«Egemen Qazaqstan»
168 материал табылды

Құқық • 08 Желтоқсан, 2023

Адам құқы және қоғамдағы әділеттілік

Елордада «Адам құқықтарын қамтамасыз ететін халықаралық құқықтық нормаларды ұлттық заңнамаға имплементациялау» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр. Екі күнге созылатын жиында адам құқығын қорғау саласында ақсап тұрған заң нормаларын жетілдіру мәселесі жан-жақты талқыланады.

Құқық • 06 Желтоқсан, 2023

Табысын жасырған тасбауыр әке

Бірер жыл бұрын елімізде баласының алдындағы борышын өтеуден жалтарғандарға жаза күшейтіліп, айыппұл мөлшері өсті. Алайда ата-аналық парызын орындауға келгенде құлықсыздық танытатындардың саны азайған жоқ. Себебі бала ақысын бермеудің сан амалын қарастыратын борышкерлердің заңды сырт айналып кетуге мүмкіндігі мол. Сондықтан қашқын ата-аналарды жауапкершілікке тартқызып, түрмеге қамайтын соңғы түзетулер де тиімді болмай тұр.

Құрылыс • 30 Қараша, 2023

Сапаны сынаған дауыл

Жақында табиғаттың тосын мінезі бас қаладағы құрылыс сапасының көлеңкелі тұсын көрсетіп бергендей болды. Осындай кезде торнадо секілді алапат дауыл мен ақтүтек боранның өзіне шыдас беретін дамыған елдердегі алып ғимараттар қандай технологиямен тұрғызылады, адам қолы жетпес құрылыс материалын қолданды ма екен деп таңданасың. Ал бізде жауаптылар ат ізін салмайтын аймақтарды айтпағанда, осы күні ел астанасында жел тұрса жұрттың зәре-құты қашып, жанын шүберекке түйіп отырады.

Құқық • 28 Қараша, 2023

Он алты күндік акция

БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің бар­­лық түрін жою конвенциясына сәйкес 25 қа­ра­­­ша­дан 10 желтоқсанға дейін еліміз бойынша­ «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» атты республикалық акция жүріп жатыр. Акцияның басты мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау және жолын кесу, ана мен баланы, олардың өмірін қорғау, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған.

Саясат • 28 Қараша, 2023

Қоғам дертімен ымырасыз күресу керек

2013 жылы сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы бағыт­тағы «Жаңару» сыбайлас жем­қорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық тәуелсіз қоғамдық сараптама ұйымы жұмысын бастаған еді. Содан бері жыл сайын қозғалыс сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүздеген іс-шара мен акция өткізіп, қылмыстың алдын алу­ға бағытталған бірқатар бас­­та­маны батыл ұсынып келеді.

Айбын • 26 Қараша, 2023

Ұландықтардың ұтқыр қимылы

Қызметтік ит ұландықтарға іздеуде жүрген азаматты ұстауға көмектесті. Алматыда әскери жасақ басшысы, сержант Әлішер Сағымбеков пен патруль ефрейтор Дамир Марат Әуезов көшесіндегі №23 үйдің жанынан іздеуде жүрген адамға ұқсас біреуді байқап қалады.

Қоғам • 24 Қараша, 2023

Әр өтінішке талдау жүргізіледі

Биыл мемлекеттік органдар мен ұйымдар азаматтардың 202,2 миллионнан астам өтінішін қанағаттандырса, оның 98 пайызы электронды түрде жүзеге асты. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жан-жақты айтылды.

Форум • 22 Қараша, 2023

Таңдау еркіндігіне талдау жүргізген жөн

Жасанды интеллект осы жүрісінен жаңылыспаса, бірер жылдан кейін адам еңбегі көзге көрінбей қалуы мүмкін. Себебі «ChapGPT»-тің бір өзі бірнеше маманның жұмысын атқарып, журналистердің орнына мақала, ақын-жазушылар үшін шығарма жазуға қабілетті. Алайда жасанды интеллектінің жаңа дәуірінде жауапкершілікке жүрдім-бардым қарауға болмайды. Кеше бұл мәселе Астанада өткен журналистикадағы жасанды интеллект болашағына арналған «Media Vision 2023: Ai in Journalism» форумында ортақ тақырыпқа айналды.

Қоғам • 22 Қараша, 2023

Әке институты: Құндылық пен қағидат

Ұрпақ алдындағы аманатты атқаруға келгенде отбасындағы қарым-қатынастың жібі үзіліп қалғаны туралы жиі айтылады. Үзілді дейміз-ау, қазақ ұғымында алып бәйтерекке теңелген төрдегі әкенің рөлі босағада сығалап тұрғалы қашан. Бұрын бала әкенің мейірімін, ананың аялы алақанын сезіну керек десек, қазір өз туғанынан күн сайын жәбір көріп жатқан өскелең ұрпаққа отбасындағы әкенің рөлін түсіндіруде тіліміз күрмеліп қалатыны белгілі. Биыл елімізде көз жұмған 25 баланың 6-уы ет жақын­дары­ның қолынан қаза тапқан. Осының өзі отбасы құндылы­ғының құлдырап, бала болашағына бас ауыртатын емес, балта шауып жатқан отбасындағы жағдай­дың ушығып тұрғанын көрсетеді. Бұл мәселе төңірегін­де айтпаған ұсыныс, өзгертілмеген заңнама, қолға алын­баған жоба қалмады. Сол себептен бала тәрбиесін­дегі ата-ана жауапкершілігі мен әке институтын қалыптас­ты­ру тақырыбына жиі оралуға мәжбүрміз. Бүгінгі дөңгелек үстел­і­мізде де «Әке институтын қалыптастыру отбасындағы зорлық-зомбылықты азайтып, ұрпақ тәрбиесін ұқыпты­лықпен қарауға шақыра ала ма?» деген сауалды қойып отырмыз. 

Технология • 20 Қараша, 2023

Жұрттан жасырғанды жүйеден жасыра алмайсың

Халықтың алаңсыз ұйқысын бағуда тәртіп сақшыларының таптырмас құралына айналған цифрлық технология көп. Әсіресе қаладағы құқық бұзушылықтың алдын алып, қауіпсіздікті сақтауда көмекшіге айналған бейнебақылау камераларын «қаланың қырағы көзі» деуге болады. Жүріс-тұрысымызды қалт жібермейтін құрылғының қабілеті қандай деңгейде? Техниканың мүмкіндігі тұрғындардың қауіпсіздігіне қаншалықты жауап беруі мүмкін?