Қоғам • 24 Қараша, 2023
Әр өтінішке талдау жүргізіледі
Биыл мемлекеттік органдар мен ұйымдар азаматтардың 202,2 миллионнан астам өтінішін қанағаттандырса, оның 98 пайызы электронды түрде жүзеге асты. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жан-жақты айтылды.
Форум • 22 Қараша, 2023
Таңдау еркіндігіне талдау жүргізген жөн
Жасанды интеллект осы жүрісінен жаңылыспаса, бірер жылдан кейін адам еңбегі көзге көрінбей қалуы мүмкін. Себебі «ChapGPT»-тің бір өзі бірнеше маманның жұмысын атқарып, журналистердің орнына мақала, ақын-жазушылар үшін шығарма жазуға қабілетті. Алайда жасанды интеллектінің жаңа дәуірінде жауапкершілікке жүрдім-бардым қарауға болмайды. Кеше бұл мәселе Астанада өткен журналистикадағы жасанды интеллект болашағына арналған «Media Vision 2023: Ai in Journalism» форумында ортақ тақырыпқа айналды.
Қоғам • 22 Қараша, 2023
Әке институты: Құндылық пен қағидат
Ұрпақ алдындағы аманатты атқаруға келгенде отбасындағы қарым-қатынастың жібі үзіліп қалғаны туралы жиі айтылады. Үзілді дейміз-ау, қазақ ұғымында алып бәйтерекке теңелген төрдегі әкенің рөлі босағада сығалап тұрғалы қашан. Бұрын бала әкенің мейірімін, ананың аялы алақанын сезіну керек десек, қазір өз туғанынан күн сайын жәбір көріп жатқан өскелең ұрпаққа отбасындағы әкенің рөлін түсіндіруде тіліміз күрмеліп қалатыны белгілі. Биыл елімізде көз жұмған 25 баланың 6-уы ет жақындарының қолынан қаза тапқан. Осының өзі отбасы құндылығының құлдырап, бала болашағына бас ауыртатын емес, балта шауып жатқан отбасындағы жағдайдың ушығып тұрғанын көрсетеді. Бұл мәселе төңірегінде айтпаған ұсыныс, өзгертілмеген заңнама, қолға алынбаған жоба қалмады. Сол себептен бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі мен әке институтын қалыптастыру тақырыбына жиі оралуға мәжбүрміз. Бүгінгі дөңгелек үстелімізде де «Әке институтын қалыптастыру отбасындағы зорлық-зомбылықты азайтып, ұрпақ тәрбиесін ұқыптылықпен қарауға шақыра ала ма?» деген сауалды қойып отырмыз.
Технология • 20 Қараша, 2023
Жұрттан жасырғанды жүйеден жасыра алмайсың
Халықтың алаңсыз ұйқысын бағуда тәртіп сақшыларының таптырмас құралына айналған цифрлық технология көп. Әсіресе қаладағы құқық бұзушылықтың алдын алып, қауіпсіздікті сақтауда көмекшіге айналған бейнебақылау камераларын «қаланың қырағы көзі» деуге болады. Жүріс-тұрысымызды қалт жібермейтін құрылғының қабілеті қандай деңгейде? Техниканың мүмкіндігі тұрғындардың қауіпсіздігіне қаншалықты жауап беруі мүмкін?
Қоғам • 16 Қараша, 2023
Қазіргі таңда ұрпақ тәрбиесіндегі әке рөлін әлсіретіп алмаудың маңызы зор. Алайда тал бесіктен басталатын тәрбиенің тізгіні нарықтың қатал заңына бағынышты болып кеткелі көп отбасындағы құндылық көк жәшікке телмірген жаңа ұрпақты өсіріп келеді. Сол үшін де бүгінгі ата-ана балаға беретін ізгілік қасиетті алдымен өз бойына дарытып, отбасы құндылығын санасына сіңіруі қажет. Астанада өткен «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбындағы VIII Республикалық әкелер форумына жиналғандар осындай ой-пікірлерін ортаға салды.
Сұхбат • 15 Қараша, 2023
Сапалы маман салғырттыққа жол бермейді
Жақында газетімізде жарық көрген «Жоқ мұғалімнің» жалақысы қанша?» деген мақаламызда орта білім беру саласындағы жемқорлық мәселесін көтерген едік. Әңгіменің өзегі ретінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аймақтағы департаменттері жүргізген тексеріс нәтижелері көрсетіліп, мәселенің себеп-салдары мен шешу жолдары туралы сарапшы мамандардың ой-пікірі айтылды. Осы тақырып төңірегінде Оқу-ағарту вице-министрі Еділ ОСПАНДЫ аз-кем әңгімеге тартып, қоғамда жиі айтылып жүрген сауалдарға бірге жауап іздеп көрдік.
Аймақтар • 12 Қараша, 2023
Жұртты алаңдатқан интернет алаяқтық
Сандық дәуірде сымсыз желіден сыр жасыру мүмкін емес. Өмір сүріп отырған ортамыз цифрлық технологияға тәуелді болған тұста адамдардың қолы интернетке берік байланды. Бұл тәуелділік жыл өткен сайын артып келеді. Қарап отырсақ, кез келген сала интернеттің көмегінсіз алға жылжымайтын болды. Тұрмыстық өмірдегі таптырмас құралға айналған байланыс құралы алаяқтардың да пайда табатын көзіне айналғалы қашан. Содан бері халықтың өмірін жақсарту үшін атқарылған игілікті істен өз «үлесін» алуға асығатындар да айласын асырып, сабақты инені сәтімен жұмсап қалуға тырысатынын тоқтаусыз айтылып келеді. Алайда онлайн өмірден опық жегендердің статистикасы көбеймесе, кеміген жоқ. Себебі неде?
Саясат • 10 Қараша, 2023
Қауіпті дертпен қоғам болып күресу керек
Жарнамасы жер жарып тұрған құмар ойындардың құрған торына түскендер жылдан-жылға көбейіп барады. Тіпті құмар ойын нарығы жылжымайтын мүлік нарығын басып озып, екі есе асып түскен. Мәселен, 350 мыңнан астам отандасымыз құрдымға кетірер құмар ойындарға тәуелді. Кеше Мәжілістегі «Amanat» фракциясының кеңейтілген жиынында лудоманияға қарсы іс-қимыл жүргізудің әдіс-тәсілі мен букмекерлік кеңселердің қызметін реттеу мәселелері тағы да талқыға түсті.
Жоба • 08 Қараша, 2023
Бүгінде ел жастарына мемлекет тарапынан түрлі қолдау көрсетіліп отыр. Соның ішінде кәсіптік білімі жоқ жастар мен жоғары оқу орнын тәмамдаған түлектердің мамандық бойынша жұмыс істеп, баспана алуына да көңіл бөлініп келеді. Ендігі жерде жастардың 5,2 мыңнан астам жобасына да жеңілдетілген микрокредит берілетіні туралы сүйінші хабар көпшіліктің көңілінен шықты.
Қоғам • 07 Қараша, 2023
«Жоқ мұғалімнің» жалақысы қанша?
Кейінгі жылдары білім саласындағы жемқорлыққа қатысты жаға ұстатар сұмдықтардың санынан жаңылып, ұрпақ болашағын кімге сеніп тапсырарымызды білмей дал болатын күнге жеттік. Бұлай деуімізге себеп те жоқ емес. Айталық, биыл да республика бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменттерінің аймақтағы білім беру бөлімдеріне жүргізген тексерісі барысында есепшілердің ебін тауып қаржыға қарық болып келгені анықталып отыр. Осылайша, аудандық білім бөлімдерінің кейбір лауазымды тұлғалары мен есеп-қисапқа жауапты мамандары заманауи жүйеде кеткен ұрымтал сәтті де ұтымды пайдаланып, ел қазынасына орасан шығын келтірген.