Әскер • 19 Желтоқсан, 2023

7 тіл меңгерген сарбаз

1474 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық ұланда әскери борышын өтеп жүрген сарбаздар қатарында өнерімен және қабілетімен көптен озған дарындылар жетерлік. Солардың бірі – полиглот Бағжан Болатұлы.

7 тіл меңгерген сарбаз

Ұлттық ұлан баспасөз қыз­метінің мәліметінше, 7 тілді меңгерген сарбаз «Шығыс» өңір­лік қолбасшылығына қа­расты №6699 әскери бөлі­міне Алматы қаласынан шақы­рыл­ған. Қатардағы жауынгер Түркияда білім алған.

«Мен орыс, ағылшын, түрік, әзербайжан, испан, француз, чех тілдерін білемін. «Бір тіл білген – бір адам, екі тіл білген – екі адам» деген нақыл сөз бар. Тіл үйрену ар­қы­лы сол ұлттың мәдениеті және дәстүрімен танысуға болады. Менің полиглот болуыма Еуропада білім алуым әсер етті. Себебі ол жақта ара­ласқан адамдарым көп тілді білетін», дейді Бағжан Болатұлы.

Ол мерзімді әскери қыз­метін өткергеннен кейін әс­кери бөлімде келісімшарт бойынша қызмет етпек. Қатар­дағы жауынгер әскери салада жүріп те шет тілін меңгеруге болады деген пікірде. Да­рынды полиглот алдағы уа­қытта жапон, парсы тілдерін үйренуге пейілді. «Тіл үйрену бо­­­­­­йынша жүйелі жоспарларым жазылған қойын дәптерім бар. Болашақта кемінде 10 тіл білгім келеді», дейді жас жа­уынгер.