Әскер • 04 Наурыз, 2024
Даласы дарқан қазақ топырағында түрлі этнос өкілі тату-тәтті өмір сүріп, елдің өркендеуі жолында аянбай қызмет етіп келеді. Бүгінде тарихын тағдыр біріктірген халықтың мүддесі ортақ, мақсаты бір. Бұл бір ғана Отанымыздың түтінін түзу шығарып, тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай қорғау.
Партия • 01 Наурыз, 2024
«Ауыл аманатының» тиімділігі артып келеді
Мәжілістегі «Amanat» партиясы фракциясының кеңейтілген жиынында депутаттар «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру жөніндегі Үкіметтің 2023 жылғы есебін тыңдады. Жоба өз тиімділігін көрсетіп келеді. Бүгінде шамамен 80 млрд теңге сомасына жылдық мөлшерлемесі 2,5%-ды құрайтын 12,7 мың шағын несие берілді.
Жемқорлық • 26 Ақпан, 2024
Жемқорлыққа қарсы күрес санадан басталады
Жемқорларға жазаны арттырып, айыппұл мөлшерін өсіргенімізбен, елдің қаржысын қалтаға басатындардың саны азайған жоқ. Керісінше, шенді-шекпенділердің әдеті қол астындағы қызметкерлерге жұқты ма, осы күні түйені түгімен жұтатындардың есебі естен тандыратын күнге жетті. Қоғамдық санадағы қауіпті құбылысты жауапкершілікпен жүгендеу мүмкін еместігін уақыттың өзі дәлелдеп отыр.
Руханият • 25 Ақпан, 2024
«Өзге» ұғымындағы өркениеттер қақтығысы
Астанада түркиялық ғалым, Түркияның мемлекет және қоғам қайраткері Ибраһим Калынның қазақ тілінде жарық көрген «Мен, өзге және өзгесі» кітабының таныстырылымы өтті. Автор өз еңбегінде шығыс пен батыс әлемінің қарым-қатынасына шолу жасап, бір-біріне ықпал етуші екі өркениетте қалыптасқан көзқарастарды сараптайды.
Айбын • 21 Ақпан, 2024
Жиырма жасында бозкілемде жарқылдаған Еламан Баимов «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімде Отан алдындағы борышын атқарып жүр.
Құқық • 21 Ақпан, 2024
Жеке детектив қызметі қажет пе?
Елдегі сүрленген құжаттың бірі – «Жеке детектив қызметі» туралы заң жобасы. Жиырма жылдан аса жыр болған заң жобасы талай сарапшының алдын көрсе де, түрлі себеппен заң шығарушы органнан өтпей қалған.
Қылмыс • 21 Ақпан, 2024
Әйел құқына қатысты қылмыс екі есе азайған
Елімізде 1999 жылы, яғни осыдан тура 25 жыл бұрын әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі жеке қызмет құрылды. Мақсаты әйелдердің конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін заңсыз қолсұғушылықтардан қорғау, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесуге бағытталды.
Саясат • 20 Ақпан, 2024
Қазақстан – Өзбекстан: Байланыстың ортақ нәтижесі
Қазақ пен өзбек қарым-қатынасын жақындататын ортақ құндылық көп. Өйткені екі елдің салт-дәстүрі, мәдениеті, тілі, діні ұқсас. Бүгінде тарихы тамырлас халықтардың мызғымас достығы мемлекеттерді бір мақсат пен мүдде жолына тоғыстырып отыр. Тату көрші, сенімді серіктестікке негізделген берік қарым-қатынастың арқасында бауырлас елдердің арасындағы ортақ келісім де көбейіп келеді.
Қоғам • 18 Ақпан, 2024
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Бердібек Сапарбаев тұлғасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Жиында Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Жақып Асанов, сондай-ақ басқа да қайраткерлер, ғалымдар, қызметтес серіктері мен шәкірттері баяндама жасады.
Қылмыс • 16 Ақпан, 2024
Қателіктің салдарын түзеу қиын
Қазір құқық бұзушы жасөспірімдердің мәселесі күн тәртібінің алдыңғы қатарына шығып отыр. Өкінішке қарай, олардың көбі ойланбай істеген әрекеттің опық жегізерін түсінбейді, елімізде әрбір заңсыз әрекет үшін жауапкершілік қарастырылғанын және қателіктің салдарын түзету қиынға соғарын сезіне бермейді. Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігі ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында жан-жақты сөз болды.