Халық • 17 Сәуір, 2024
Ұлттық ұлан көмек күшін еселеді
Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің бұйрығымен Ұлттық ұланның 3 мыңнан аса әскери қызметшісі қосымша күш ретінде су тасқынынан зардап шеккен еліміздің батысы мен солтүстігінде белсенді көмек көрсетіп жатыр.
Қоғам • 16 Сәуір, 2024
Жаңа норма жасырын қылмысқа жол бермейді
Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы құжат қоғам тарапынан қызу пікірталас туғызып, заң шығарушы органның алдынан да бірнеше рет өтті. Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде ең көп талқыланған заңға қол қойды. Өйткені әйел құқығы аяққа тапталып, бала қауіпсіздігі бас қайғыға айналған қоғамда қылмысты бұдан әрі қылмыссыздандыруға болмайтыны анық байқалып отыр. Заңға сәйкес әйелдер мен балаларға қатысты кез келген сипаттағы зорлық-зомбылыққа жауапкершілік қатаңдатылып, отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтатын жаңа нормалар енгізілді.
Қоғам • 15 Сәуір, 2024
Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасындағы судың сыйымдылығы нормадан асып кеткен. Мұндағы су көлемі әдеттегіден 160%-ға артық. Бұл су көлемінің шекті деңгейі емес. Қазіргі сәтте жиналған судың биіктігі 3,5 метрден асқан. Өңірдің 8 ауданында жағдай әлі де күрделі. Көп ауылды су басу қаупі бар. Өңірдегі елу жолды су шайып кетті. Су басқан аудандардағы қауіпсіздікті бақылау және жергілікті тұрғындарға көмек қолын созу үшін өңірге мыңдаған Ұлттық ұланның әскери қызметшісі мен полиция қызметкері қызмет атқарып жүр.
Зерде • 11 Сәуір, 2024
Асланбек ҚАНСАРБАЕВ: Тарих – ұрпақты тәрбиелейтін дәйекті құрал
Ұрпақтың білім көкжиегін кеңейтіп, таным-түйсігін қалыптастыруда, ұлттық құндылықты дәріптеу мен тарихымызды танытуда әлеуметтік желінің де алар орны зор. Бізде «әлеуметтік желіде хайп қуғандар жиі отырады» деген түсінік қалыптасқан. Бірақ шындығын айту керек, мұндағы қалың жұрттың арасында халқымыздың өткеніне, ғылым мен білімге қызығатын оқырман көп. Мәселен, тарихшы Асланбек Қансарбаевтың Youtube арнасына жазылған 200 мыңға жуық жазылушы тың деректі талқылап, ұсыныс-пікірін білдіруден жалыққан емес. Жақында «АК-79» деген атаумен белгілі арна авторымен сұхбаттасудың сәті түскен еді.
Университет • 10 Сәуір, 2024
Тұрар Рысқұлов есімін университетке қайтару – көптің қалауы
Қазіргі жоғары мектеп – ғылым-білім мен отаншылдықтың ошағы. Бізде қалыптасқан дәстүрге сәйкес, ұлттық және өңірлік университеттердің әрбірі тарихымыздағы ірі тұлғалардың есімін алған. Сондай оқу орындарының бірі Т.Рысқұлов атындағы ұлттық экономика универсиеті еді. «Еді» дегенді амалсыз айтып отырмыз. Ел тәуелсіздігіне еңбек сіңірген Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев, Камал Смайылов сынды зиялылардың, Молдияр Серікбаев секілді қоғам және ғылым өкілдерінің бастамасымен 2000 жылы бұрынғы Халық шаруашылығы институты (Нархоз) Ұлттық экономикалық университетке айналып, оған көрнекті тарихи тұлға Тұрар Рысқұловтың есімі берілген. Көп кешікпей оқу ғимараты алдынан қайраткердің ескерткіші бой көтерді. 2013 жылға дейін осы атпен әлемге танылды. Жылда экономикалық Т.Рысқұлов форумы (оқулары) өтіп тұрды... Бұдан кейін бұл оқу орны жекеменшікке өтіп, Тәуелсіздік мұратымен келген бастаманың бәрі тас-талқан болды. Бас ғимарат алдындағы ескерткіш те жасырын алынып тасталды. Ең сорақысы, бейдауа нарық «акулалары» жекшелендірген оқу орны кеңестік экономика атауын («Нархоз») таңдап, университет сайтындағы тарихынан Т.Рысқұловқа қатысты деректің бәрін жойды. Мұны қазақша – қасиетсіздік, орысша – «кощунство», ағылшынша «blasphemy» демей тұра алмаймыз. Біз осы материалды жазу барысында «Egemen Qazaqstan» газетінің қалыптасуы мен дамуына еңбек сіңірген Т.Рысқұловтың (басқарған уақыты – 1926 жыл), Шерхан Мұртазаның (1989-1992), Әбіш Кекілбаевтың (1992-1993) аруағы алдындағы парызымызды да қаперге алдық.
Кино • 09 Сәуір, 2024
Режиссер Ринат Балғабаевтың «БҰҰ-әйелдер» құрылымының қолдауымен түсірілген «Горгона» деректі фильмінің көрсетілімі миллион қаралым жинаған. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Туынды бүгінгі қоғамның өзекті тақырыбына айналған сексуалдық зорлық-зомбылық мәселесін қаузап қана қоймай, тағдыры ұқсас кейіпкерлердің бойындағы өзіне деген сенімділікті арттыруға үндейді.
Айбын • 08 Сәуір, 2024
Тұрмыстың тауқыметіне арқа тосып, еңбекке ерте араласқан сержант Шахрухқожа Абдуразаков өзге балалар ойын алаңында уақыт өткізіп жүргенде, мақта мен жүгері теріп, ата-анасына қолғабыс, бауырларына қамқоршы болды. Ал Отан алдындағы борышын өтеу оның өмірін түбегейлі өзгертті. Ұлттық ұлан сапына қосылған ол қазір 3660 әскери бөлімінің 2-атқыштар ротасы 4-взвод 2-бөлімшесінің командирі қызметін атқарып жүр. Болашақта арнайы жасақ қатарында қызмет етуді мақсат тұтқан жігіттің жоспары көп.
Үкімет • 04 Сәуір, 2024
Жылу энергетикасын реттейтін құжат
Кеше Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысында сегіз құжат қаралды. Оның ішінде мемлекеттiк наградалар, жылу энергетикасы мен мемлекеттік сатып алу мәселесіне қатысты заң жобалары бар. Сондай-ақ «Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы», Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар талқыға салынып, сатып алу және заңнамалық актілерді нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуі тұрғысынан ревизиялау туралы құжат бірінші оқылымда қаралды.
Қоғам • 04 Сәуір, 2024
Осы күні өзгенің қайғысын өз пайдасына айналдырған алаяқтар мен сауаптан сыбаға дәметіп, жомарт жандардың арқасында қалтасын қалыңдатып жатқандардың саны артты. Жетім мен жесірдің көз жасын сүртіп, кембағалдардың қажеттілігіне қарайласу – қайырлы іс.
Қоғам • 28 Наурыз, 2024
Жылы сөзге зәру қоғамда өзгелердің өміріне араша болып, ерлік көрсеткен адамдардың әрекетіне жоғары баға беру әділетті. Әйткенмен әр нәрседен ілік іздейтіндер жақыны емес, жатқа жасаған жақсылыққа да жақсы сөз айтуға асықпайды. Әсіресе әңгіме құқық қорғау қызметіне келгенде «Бұл олардың тікелей міндеті» дейтініміз де бар. Бірақ олардың да ет пен сүйектен жаратылып, өзгелер секілді түйсік пен сезім берілетініне бас ауырта бермейміз. Біз әңгіме еткелі отырған полиция майоры Нұрлан Бауыржанұлы да антына адал, міндетіне мінсіз қызметкер.