Қоғам • 15 Сәуір, 2024

Курсанттардың да көмегі көп

117 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасындағы судың сыйымдылығы нормадан асып кеткен. Мұндағы су көлемі әдеттегіден 160%-ға артық. Бұл су көлемінің шекті деңгейі емес. Қазіргі сәтте жиналған судың биіктігі 3,5 метрден асқан. Өңірдің 8 ауданында жағдай әлі де күрделі. Көп ауыл­ды су басу қаупі бар. Өңірдегі елу жолды су шайып кетті. Су басқан аудандардағы қауіпсіздікті бақылау және жергілікті тұрғындарға көмек қолын созу үшін өңірге мыңдаған Ұлттық ұланның әскери қызметшісі мен полиция қызметкері қызмет атқарып жүр.

Курсанттардың да көмегі көп

Фото: ҚР Ұлттық ұланы

Мәселен, су тасқынына қарсы іс-шараларды толық­қан­ды жүргізу секілді өзге де жұмыстарға Ұлттық ұлан академиясының 400 курсанты тартылды. Үш оқу баталь­онының курсанттары Приб­режный, Ольшанка, Жылы­жай кенттерінде және «Хромзавод» қалалық шағын ауданында инертті материал салынған қаптарды дайындау және оларды жерге төсеу жұмыстарына көмек көрсетіп жатыр. Олар жағалауды ны­ғай­ту жұмыстарына белсен­ді қатысып, су арнасын бұ­ру­ға қолғабыс етіп жүр. Бұл жұ­мыстарға қосымша 16 тех­ника жұмылдырылды, оның ішінде фронтальды тие­гіш бар. Осы ретте академия курсанттарының еңбек­қор­лы­ғын атап өткен жөн. Олар өткен тәулікте 8 200 құм толы қап дайындап, биіктігі үш метр болатын 150 метрлік тосқауыл жасады.

Сонымен қатар Қазақ­стан­ның батысында 5546 әске­ри бөлімінің 125 сарбазы 10 автотехниканың көмегімен су тасқынына қарсы күрес жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оның ішінде 50 сарбаз бен офицер 2 ауысымда полиция қызметкерлерімен бірлесіп, Құлсары қаласының көшелерінде иесіз үйлерді тонауға жол бермеу үшін қызмет атқарып жүр. Сондай-ақ аталған әскери бөлімнің 75 сарбазы қазірдің өзінде 1500-ден аса құм салынған қап дайындады. Айта кете­йік, жеке құрам мұнай ком­панияларының бірінің аума­ғын­да орналасқан, ол тұрақты ор­на­ласу пунктінен 90 км қа­шық­тықта.

Ел астанасында да су тас­қы­ны байқала бастады. Талап­кер елді мекеніне қауіп төніп тұр. Бірақ оның алдын алу жұмыстарына 6636 әскери бөлімнің 70 әскери қызметкері жұмылдырылды. Олар 2 ауысымда, күндіз-түні Қостанай тас жолы бойындағы Есіл өзенінің көпірін бақылауда ұстап отыр. Бұдан бөлек, бір жарым мыңнан астам құм толы қаптың көмегімен су келуі мүмкін жағаларды ны­ғай­тып жатыр. Жалпы, су тас­қынынан зардап шеккен және су басуы мүмкін елді мекендерде барлығы 1500-ден астам Ұлттық ұлан жауынгері қызмет атқарып жүр. Бүгінде құқықтық тәртіп әскерлерінің әскери қызметшілері инертті материалдар – құм немесе саз толтырылған 185 мыңнан астам қапшық дайындады және оларды қажетті жерлерге төседі.