Жадыра МҮСІЛІМ
Жадыра МҮСІЛІМ«Egemen Qazaqstan»
167 материал табылды

Қоғам • 27 Желтоқсан, 2023

Жылдың үздік депутаты

Таяуда «Adyrna» ұлттық порталы әлеуметтік желі арқылы жалпы­халықтық дауыс беру сауалнамасын ұйым­дастырды. Мақсат – жылдың үздік депутатын анықтау.

Үкімет • 27 Желтоқсан, 2023

Елдік жобаның қорытынды жиыны

Кеше Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комис­сияның қорытынды отырысы өтті. Мемлекеттік комис­сия­ның және оның аймақтық бөлімшелерінің жұмысының нәтижесі бағаланған басқосуда ғалымдар мен тарихшылар өз ұсыныс­та­рын жеткізді. Мемлекет басшысының 2020 жылғы 24 қарашадағы Жарлығына сәйкес құрылған комиссия ХХ ғасыр­дың 20-50 жылдарындағы сая­си қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін ке­шенді әрі жүйелі жұмыс жүргізуге мүм­кіндік берді.

Сұхбат • 27 Желтоқсан, 2023

Шолпан Каринова: Жетекші партияның жауапкершілігі жоғары

Таяуда «Amanat» партиясының хатшысы болып тағайындалған Шолпан Каринова еңбек жолының 18 жылын білім саласына арнаған. Мемлекеттік қызметтің ең төменгі сатысынан бастап, Оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары лауазымына дейін жо­ғарылаған білікті маман кейінгі төрт жыл жауапты саяси лауа­зым­да қызмет атқарды. «Еліміздегі жетекші партияның лауазым­­ды қызметіне ұсынылғаннан бас­тап, «Amanat» жұмысына қан­дай үлес қоса аламын, халықпен жұмыс істеуде маған қандай сенім артылып отыр, оны қалай атқара аламын деген мәселе мазалағаны рас. Партиялық қызметке келерде өзіме артылған жауапкершілік пен сенімнің салмағы жоғары екенін түсіндім», деген партия хатшысына жолығып, сұрақ қоюдың сәті түсті.

Мәдениет • 24 Желтоқсан, 2023

«Umai» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары

Өнер саласындағы біртуар қайраткерлердің есімін анықтап, отан­дық мәдениеттің дамуына және ілгерілеуіне ықпал ететін «Umai» ұлттық сыйлығының биылғы жеңімпаздары белгілі болды. Елорда төріндегі «Астана Опера» театрында өткен «Umai-2023» ұлт­тық сыйлығының иегерлерін марапаттау рәсіміне Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Парламент Мәжілісінің де­­пу­тат­тары, қоғам қайраткерлері, мәдениет майталмандары қатысты.

Жемқорлық • 20 Желтоқсан, 2023

Жемқорлықты қалай жеңеміз?

Жер-жаһанда жемқорлыққа қарсы қолға алынған шаралардың барлығы жемісті болған жоқ. Бірақ белгілі бір деңгейде жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың жүгенін тартып, қоғамдық санаға сілкініс болғандарын да жоққа шығаруға болмайды. Мәселен, бюрократиясыз бизнес бастап, жұрттың адал еңбек етіп, әлеуметтік жағдайын жақсартуына жол ашып берген еуропалықтардың бойында қазір «елдің қазынасына қол салу» деген түсінік жоқ. Ал бізде қазына қаржысына қол салуды қанына сіңдіріп, әдетіне айналдырған басшылар мен қосшылар көп.

Әскер • 19 Желтоқсан, 2023

7 тіл меңгерген сарбаз

Ұлттық ұланда әскери борышын өтеп жүрген сарбаздар қатарында өнерімен және қабілетімен көптен озған дарындылар жетерлік. Солардың бірі – полиглот Бағжан Болатұлы.

Үкімет • 14 Желтоқсан, 2023

Қамданған қапы қалмайды

Кеше Мәжіліс отырысында жеті заң жобасы қаралды. Күн тәртібі бойынша маңызды құжаттарға енгізілетін толықтыруларды талқылаған депутаттар екі құжатты қабылдап, бесеуін комитеттің жұмыс тобына алды.

Құқық • 12 Желтоқсан, 2023

Адам құқығын қорғау: Кемшілік пен жетістік

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары» деп аталатын стратегиялық құжатқа қол қойды. Алдағы екі жылда атқарылуға тиіс нақты шараларды айқындап берген бұл құжатта адам және оның өмірі, бостандығы мен құқығы деген қағиданы берік ұстану қажеттігі айқындалып отыр. Осы орайда біз елордада «Адам құқықтарын қамтамасыз ететін халықаралық құқықтық нормаларды ұлттық заңнамаға имплементациялау» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушыларына «Адам құқығын қорғау саласындағы жұмыс азаматтардың өмірі мен бостандығын сақтауға септігін тигізіп жүр ме?» деген сұрақ қойған едік.

Қоғам • 11 Желтоқсан, 2023

Жас көшбасшылар тәжірибе алмасты

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында «Ленинград облысының жас заң шы­ғарушыларының мек­тебі» білім беру жобасы және «Еуразиялық онын­шы инновациялық кон­вент» тақырыбында ха­лықаралық форум өтті. Жастар тақырыбы қау­залған бұл жиынға елі­міздің Маңғыстау өңірі­нен бір топ ресми өкіл қаты­сып, диалог алаңында ұйым­­дастырылған тал­қы­лауларға белсенді қа­тысты.

Құқық • 08 Желтоқсан, 2023

Адам құқы және қоғамдағы әділеттілік

Елордада «Адам құқықтарын қамтамасыз ететін халықаралық құқықтық нормаларды ұлттық заңнамаға имплементациялау» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр. Екі күнге созылатын жиында адам құқығын қорғау саласында ақсап тұрған заң нормаларын жетілдіру мәселесі жан-жақты талқыланады.