Әскер • 18 Қаңтар, 2024

Өнерлі сарбаздар кеші

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында Ұлттық ұланның 6697 әскери бөлімінде «Сарбаз дауысы» байқауы өтті. Әскерге бір ай бұрын келген мерзімді әскери қызметшілер арасындағы сайыс тартысты болды.

Өнерлі сарбаздар кеші

Оқу пунктінің 1-ші және 2-оқу ротасының сарбаздары өздерінің шығармашы­лық дарынын сынап, бірі жеке да­уыста эстрадамен ән салса, енді бірі домбыра мен гитарада ойнап, отандық және шетелдік эстрада жұлдыздарының репертуарларынан әндер орындады. Барлық қатысушы ерекше дарынды екенін байқатты. Үш сағатқа созылған байқауда көрермен де тоқтаусыз қол соғып, ризашылығын білдірді. Осының өзі сарбаздардың демалыс күндерін тиімді мақсатқа жұмсап, бөлімше қабырғасында өздері қалаған өнермен айналысуына мүмкіндік берілетінінің көрінісі болса керек.

апр

«Әскери бөлім деңгейінде біз көптеген іс-шара өткіземіз, олар әскери қызметшілердің бастамасы бойынша мерекелік күндерге арналуы да мүмкін. Бірақ бір айта кететін жайт, көпшілігі көріп жүрген әскери киім киген, бұйрықтарды орындайтын әскерилердің артында талантты, өнерпаз адам тұ­руы мүмкін. Сондықтан ән бай­қауы сарбаздық қасиет пен патриоттық сезімді бір арнаға тоғыстырып, рухани бай, шығармашыл жас­тар­ды әскерилердің қоғамдық өмірі­не тарту мақсатында ұйым­дас­­ты­рылды», деп атап өтті тәрбие және әлеу­меттік-құқықтық жұ­мыстар бөлім­­шесінің басшы­сы, майор Дулат Шәріпбаев.

Байқау қорытындысы бо­йынша 3-орынға қатардағы жауынгер Эльдар Советалиев ие болса, 2-орын қатардағы жауынгер Юрий Поляковқа берілді. Ал байқаудың жеңімпазы ретінде қатардағы жауынгер Жалғас Қапасовтың есімі аталды. Жеңім­паз атанған әскерилер басшы­­­­лық тарапынан Алғысхаттармен және грамоталармен марапатталды.