ФОТО: astana-akshamy.kz
Сенаторлар қалалық мәслихат депутаттарымен бірге Астана қаласындағы 3-жылу электр орталығында да болды. Сенаторлар елорданың қарқынды дамуына байланысты бүгінгі таңда туындаған көптеген талаптар мен инфрақұрылым сұранысы сәйкес келмейді деп санайды.
«Мемлекет басшысы бір жыл бұрын елорданың инженерлік инфрақұрылымын кешенді дамыту бірінші кезектегі міндет екенін атап өткен болатын. Өткен жылдарда Астанада жылу энергиясының жетіспеушілігі анық байқалды. Биыл жылу жетіспеушілігі мәселесі толығымен шешілді. Кейбір аймақтарда әлі де назар аударатын бірқатар маңызды мәселе бар. Біз жылу энергетикасы мәселелері Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың ерекше бақылауында қала беруге тиіс деп санаймыз. Қажет болған жағдайда осы мәселелерді шешуге көмек көрсетуге дайынбыз», деді депутат Бибігүл Жексенбай.
Сенаторлар Астанадағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде болып, болашақ сержанттардың оқу бағдарламасымен және жаттығу дайындығымен танысты. Депутаттар Сенаттың қызметі туралы курсанттарды хабардар етіп, Мемлекет басшысының жақында «Egemen Qazaqstan» газетінде жарық көрген сұхбаты туралы айтып берді.