Көлік министрлігі және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ тасқын судан зардап шеккен өңірлерге бағытталған жеке және заңды тұлғалардың барлық гуманитарлық жүктеріне 24 сәуір – 5 мамыр аралығында ақылы жолдарда жол жүру тегін болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ақылы жолдарда тегін жүру мүмкіндігін пайдалану үшін көлік жүргізушілері 1403 байланыс орталығына хабарласып, өтінім қалдыруы қажет. Өтінім берген кезде көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірін және жоспарланған бағытты атау керек», делінген хабарламада.