• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 24 Сәуір, 2024

Қар жауып, 8 градус аяз болады - үш күнге арналған ауа райы болжамы

1305 рет
көрсетілді

Синоптиктер 25, 26 және 27 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Метеорологтардың мәліметінше, оңтүстік циклонның әсерінен 25-27 сәуір аралығында еліміздің оңтүстік жартысында, 25 сәуірде еліміздің солтүстік-батысында жауын-шашынды ауа райы болады. Солтүстік-батыста да түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы ықтимал. Қалған аумақта антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша екпінді жел соғады, түнде солтүстік және шығыс облыстарда тұман түседі.

«Суық фронт бірте-бірте еліміздің оңтүстік облыстарына ауысады, онда ауа температурасы түнде 0-12, күндіз 10-20, солтүстік облыстарда суықтың шарықтау шегі күтіледі. 25 сәуірде мұнда термометрлер түнде 0-8 градус аязға дейін, күндіз 5-13 градусқа дейін төмендейді, содан кейін солтүстікте күндіз ауа температурасы 10-17 градусқа дейін біртіндеп көтеріле бастайды», делінген хабарламада.