«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-не қарасты Боралдай филиалында «Қазақстан-қызғалдақтар отаны» атты іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталған табиғи парктің баспасөз қызметі хабарлағандай, Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданына келуші туристер мен мектеп оқушыларына табиғатты қорғау туралы үн-парақтар таратылған.
Экологиялық мәдениетті дамыту және құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында өткізілген іс-шараға 150 адам қатысып, 250 үн парақ таратылған.
ҚР Қылмыстық кодексінің 339 бабында қызғалдақтарды заңсыз жұлғаны үшін, айыппұл немесе қоғамдық түзету жұмыстарына тарту қарастырылғанын айта кету керек.